Шымкенттің семсерлесуден мықтылары Азия чемпионатына дайындалуда

366
семсерлесу - қымбат спорт түрі

Облыстық №2 олимпиадаға ізбасарлар дайындайтын спорт мектебі семсерлесудің шеберлеріне үлкен үміт артып отыр. Алда Азия чемпионаты байрақты жарыста жерлестеріміз олимпиадаға лицензия жеңіп алуды жоспарлауда. Ересектер арасында топ жарып жүрген үш үміткер бұл күндері Шымкентке оралды.

 Қарлығаш Сайханова, семесрелесуден ОҚО аға бапкері: «Оңтүстікте спорттың бұл түрінен лицензия болады деп үміттеніп отырмыз. Әрине, шет елде мықтылар көп. Алайда біздің шәкірттеріміз де осал жау емес екенін дәлелдей түсуі тиіс.»

Бүгінде басты мақсат Олимпиадаға ізбасар дайындау. Осы жоспарды іске асыру мақсатында спорт ордасының мамандары арнайы ашық сабақ өткізуде.

Бүгінде семсерлесу тобында 24 спортшы шеберілігін шыңдауда. Олапрдың басым бөлігі жеткіншектер. Шағын ғана бөлме тар болса да жерлестеріміз алдағы жарыстарға дайындалуда. Оның үстіне бүгінде қажетті құрал жабдықтарды сатып алуда оңай болмай қалған. Десек те ең бастысы бапкерлердің тәжірибесін арттыру дейді мектеп басшылығы.

Алда қазақстан чемпионаты. Шымкенттік жастар республикалық сыннан сүрінбей өтуді көздейді. Облысымыздың жүлде қоржынын бірнеше медальмен толықтыруы да әбден мүмкін.

Сондай-ақ бүгінде семсерлесуден чемпион тәрбиелеу оңай емес. Семсерлесу – қымбат спорт түрлерінің тізімін толықтырып отыр. Мәселен, спортшыға арнайы киім үлгісін сатып алу үшін екі мың евродан да көп қаражат жұмсалады. Одан бөлек қажетті тағы бір қатар спорттық саймандар бар. Олар да арзан тұрмайды. Мәселен, аяқ киімнің өзін бір маусымды бірнеше рет ауыстыруды талап етеді. Семсерлерді сатып алуда да бір қатар қиындықтар бар.