Туыс әпкесіне оқ атып, бақиға аттандырған қылмыскер ұсталды

295

Жау алыстан келмейді. Түркістандық тұрғын нөкерлерімен бірге өзінің туыс әпкесіне оқ атып, бақиға аттандырды. Оған қылмыстық топтың тонауға әрекеттенгені негізгі себеп. Қазір осындай озбырлыққа барғандар қолға түсті. Бұл туралы Ішкі істер департаментінде өткен, брифингіде сөз болды.

Түркістанда туыс әпкесін өлтіруге тапсырыс берген жасөспірімдер құрықталды. 26-ақпан күні қаза болған әйелдің есігін нағашы інісі қағады. Есікті қағып тұрған адам бөтен болмағандықтан, шаңырағына еш арам ойсыз кіргізген азаматша өмірінің осы сәтте үзілерін қайдан білсін?

Жау алыстан келмеген. Кісі өлтірген 4 жас жігіт қамауға алынды. Олардың ішіндегі екеуі кәмілет жасқа толмағандар,тіпті бірі мектеп оқушысы. Туыс әпкесін өлтіруге тапсырыс берген жасөспірімдер қылмысты 20 мың теңгеге бағалаған.

Аса ауыр қылмысты жасағандардың үстінен ҚК-нің бірнеше бабымен іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілерден 16-калибрлі шолақ мылтығы айғақтық зат ретінде тәркіленіп алынған.