Әл-фараби алаңы Наурыз мейрамын тойлауға дайын

286

Әл-Фараби алаңы Наурыз мейрамын тойлауға дайын. Бүгіннің өзінде үш мыңға жуық адам соңғы дайындық жұмысын жүргізуде. Әдеттегідей би және ән-күймен қатар театрландырылған көріністі де шымкенттіктер тамашалай алады.

Бұл жолы басты символ ретінде алаңға күннің көрінісі жасалынады. Осылайша режиссер қазақтың ұлттық салт дәстүрін суреттеп, би арқылы соңғы кездері ұмыт болған әдет ғұрпымызды да қайта жаңғыртпақ. Сондай ақ алаңда бүгіннің өзінде оннан астам киіз үй орнатылуда.

Мерекелік іс шара наурыздың 21-не жоспараланып отыр. Таңғы сағат онда Әл фараби алаңында басталатын мейрам, екі сағаттан кейін Тәуелсіздік саябағында жалғасады. Ал ұлттық ойындарды жерлестеріміз наурыздың 22-сі күні орталық ипподромда тамашалауға мүмкіндігі бар.

Бұл күні ауа райы жылы болып, аспанымыз ашық болады деп күтілуде.