Úı Jańalyqtar Бұзылған жолдарды жөндеу басталды

Бұзылған жолдарды жөндеу басталды

Шымкентте көктемнің келуін аңғартқан шаралар басталып кетті. Жол құрылысы компаниялары өткен жылғы жіберген кемшіліктерінің орнын толтыруға кірісті. Бірінші кезекте бұл жүмыстарға 172 млн. теңге жұмсалмақ. Онан соң, сапасыз жұмысқа үстеме болған жауын-шашыннан ойлы шұңқырлы болған Адырбеков көшесі жөнделеді.

Адырбеков көшесінің бүгінгі күйін көріп жүрген кез-келген жерлесіміздің өткен жылы бұл жолдың орташа жөндеуден өткеніне сенбесі анық. «Түркістан жол сервис» ЖШС сол жұмысты жүргізген. Көше жолын тақтайдай тегіс етеміз деп бюджеттен 172 млн. теңге қаржы алған. Нәтижесінде, көше құрылысы аяқталмаған нысандардың қатарына енді.

Өткен жылы Шымкентте 105 көшенің жолдары орташа жөндеу жұмыстарынан өтті. Оған қазынадан 3 миллиард 700 миллион теңге ақша жұмсалды. Қала тарихында жол жөндеуге алғаш рет қомақты қаржы бөлінген болатын. Ал биылғы сомма одан да көп, 5 миллиард теңгеге жетіп отыр.

Жөнделетін көшелердің қатары да көбейген-166 көше. Мамандар көктемде ауа-райы қолайлы болса, асфальт шығаратын зауыттар ерте іске қосылады деген үмітте. Себебі, атқарылатын жұмыс қыруар, ал жол салумен қай мекемелердің айналысатыны белгісіз. Мемлекеттік сатып алу конкурсы әлі өткізілген жоқ.

Exit mobile version