Көлік және коммуникация вице-министрінің Түркістанға сапары

237

Ауылдық елдімекен тұрғындары енді емін-еркін интернетті қолдану мүмкіндігін алды. Сымсыз радиоқатынау желілерінің негізінде қызметтерді ұсыну жобасы жүзеге асырылып жатыр. Соның нәтижесінде 597 ауылдық елдімекенді қамтитын 44 қолданыстағы базалық станция модернизацияланды.

450 МГц жиілік диапазонда пайдаланылатын базалық станциясының ауылдық елдімекенде қамту аумағы 30-35 шақырымды құрайды. Осындай бір станция мың абонентке дейін қызмет көрсете алады. Қосылу құны – 3500 теңгеге. Айлық төлемақысы желелік күшіне қарай 2000 және 4000 теңгеден. Бүгінгі таңда облысымызда 1222 ауылдық абонент кең жолақты интернетті пайдаланады.

Сәрсенов Сәкен, Көлік және коммуникация вице-министрі: «Әр ауылдың тұрғындарына қазір кең жолақты интернет пен сапалы телефон байланысын алу мүмкіндігі бар».

Бұл Елбасының электронды үкіметті дамыту туралы тапсырмасына сәйкес атқарылған. Мұнымен қоса халыққа қызмет көрсету орталығындағы қызметтің жылдамдығын 5-10 минуттан аяқтау жөнінде жұмыс жүргізілуде. Биыл 4 қалада арнайы ХҚО-тары ашылмақ. Онда автокөлікті тіркеумен жүргізуші куәліктері берілетін болады.

Сәрсенов Сәкен, Көлік және коммуникация вице-министрі: «Елбасы тапсырмасы бойынша арнайы ХҚО ашу тапсырма болды. Автокөліктерді тіркеу және жүргізуші куәлігін беру жүргізіледі. Осы жылы Алматы, Астана Актау Қарағанды қалаларында биыл ашылады. Ендігі жылы басқа өңірлерде ашылады».

Түркістан қаласында өткен кездесу барысында 30 корпоративтік көшбасшы мемлекеттік бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар айтылды.