ОҚО билік өкілдері Үкіметтен көмек сұрады

214
Тимур ДЖУМАБЕКОВТІҢ суреті

Ақпан айының ортасынан Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 12 аудан су астында қалды.

ОҚО-ның билік өкілдері Үкіметке келтірілген шығынның орнын толтыру мен оны бағалау үшін арнайы комиссия құру жөнінде хат жолдады.

Қаншалықты шығын келтірілгенін анықтау мақсатында облыстық комиссия жұмыс жүргізуде. Оның мәліметінше, бүгінгі күні 102 елді мекенді, 648 үй мен әлеуметтік саланың 41 нысанын су басып қалған.  Сонымен қатар, 14 үй мен 28 шаруа құрылысы бұзылды, 85 үй мен 197 шаруа құрылысы қирайын деп тұр. 1 көпір мен жолдың 81 учаскесі бұзылды.

Облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қаныбеков мәлім еткендей, су басу жағдайларын жою және қауіпті деген учаскелерді нығайту бойынша шұғыл, алдын алу жұмыстары аудан және облыстық бюджет есебінен жүргізілуде.

«Сонда да ел көмегіне зәруміз, 648 үйді су басып қалған, осыған байланысты сәйкесінше қаражат жұмсалады», – деп мәлімдеді ол.

Қазіргі уақытта облыстағы жағдай қалыпты,бірақ су басу жағдайлары қайталануы мүмкін. Таулы аймақтарда қар әлі де еру үстінде. Ауа райының тез жылынуы мен жауын-шашын су басу жағдайларына алып келуі ықтимал.

«Барлық таулы аймақтардағы айналма арықтар мен бөгеттерді нығайттық. Қажет деген шаралардың бәрін қолдандық. Дегенмен су қай жақтан келетінін топшылау мүмкін емес», – деді С. Қаныбеков.

Бұған дейін де хабарлағанымыздай, желтоқсан айында ауа райының тез жылынуына байланысты ОҚО-да қар еріп, оның салдары елді мекендердің жазық жерлерін су басу жағдайларына алып келді.

ҚазАқпарат