Темірлан ауылындағы шағын аяқ қиім базары ең танымал орынға айналған. Мұнда ең сұранысқа ие болып отырған тауар резеңке етік.

Саудагерлердің айтуынша, бір күнде 30 жұп аяқ кіим сатып үлгеріп жатыр екен. Резеңке етіктердің құны 2 мың теңгенің шамасында. Су тасқынынан кейін де етіккке баға өспеген. Ақшасы жоқтар етікті қарызға алып киіп жатыр. Темірлан ауылында жүздеген үй қирап, дүние мүлкінсіз қалған еді. Топан су 3 мектепті басып, оқушылар уақытша демалысқа жіберілген.

Сайрам, Отырар, Бәйдібек аудандары мен Түркістан қаласында да жағдай осындай. Ондаған үй қирап, жолдарды су шайған. Шарлау иеліктеріне де су жеткен. Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко бастаған арнайы комиссия зардап шеккен аймақтарды аралып, топан су басқан аймақтың көлемін байқады.