Облыстың құтқарушылары шомылу маусымына дайындалуда. Бүгін оқу-жаттығу жұмыстары басталды. Айта кетейік, биыл Оңтүстік Қазақстанның су қоймаларында 3 адам суға кеткен.
Евгений Черепанов, құтқарушы: Жұмысқа жақында ғана орналастым. Өз ісім өзіне ұнайды. Су астына сүңгігенде басқа әлемге тап болғандай күй кешеді екенсіз».
Сондай-ақ, қажетті дайындықтан өрт сөндіру мамандары да өтуде. Шомылу маусымының басталуына аз күн қалды. Сондықтан ол кезде жаттығуға уақыт болмайды.
Еске сала кетейік өткен жылы тілсіз жау 40 адамның өмірін қиған болатын. Құтқарушылар кезекті рет шомылу барысында қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ескертеді.