Ұлттық кәсіби театр өнерінің негізін қалаушы Жұмат Шанинге 120 жыл

737

Ұлттық кәсіби театр өнерінің негізін қалаушы, режиссер, драматург, актер Жұмат Шаниннің 120 жылдығын шығармашылық иесінің атын иемденген театр ұжымы атап өтті. Еске алу кешіне Жұмат Тұрғынбайұлының жақындары да алыстан ат терлетіп келді. 

Бұл күні сахнада режиссердің өзі сахналаған туындылары емес. Шаниннің бейнесі көрермендерге ұсынылды. Жұмат Тұрғынбайұлының өнерге деген қызығушылығын Қоянды жәрмеңкесіндегі халық думаны арттырған. Бұдан соң, Омбыдағы зауытта жұмыс істеп жүрген кезінде мұнда Сейфуллин, Нұрмақов, Серкебаевтармен танысады. Сол жылдары алғаш рет қалалық театр спектальдерін көреді.

Шанин алғашқы музыкалық тетарды ұйымдастыруға қатысқан. Ал оның қаламынан туған күрделі шығармалар оның жазушылық қырын танытты. Көрермендерге режиссердің жүріп өткен жолынан үзінді көрсетуде кейіпкердің образы театр әртісі Еркін Шымырқұловқа берілді.