Úı Jańalyqtar Комада 6 ай жатқан Елдос есін жиып, жас тілшілермен достасты

Комада 6 ай жатқан Елдос есін жиып, жас тілшілермен достасты

123
123

Төрт жасар Елдостың жол апатына түсіп, алты ай бойы ес-түссіз жатқаны туралы бір емес, бірнеше рет айтқан болатынбыз. Жуырда Елдос есін жиып, ата-анасымен қатар бізді де қуантқаны бар. Қазір ол үйіне шығып, емін жалғастыруда. Бүлдіршіннің бүгінгі жай-күйі әзірге бір қалыпты.

Ойын баласының көптен бері төсек тартып жатқаны жанға батады. Үйге қайтқаны мен ем-домы әлі біте қойған жоқ. Оны алда ұзақ ем қабылдау кезеңі кұтіп тұр. Дәрі-дәрмегі де қымбат екен.

Осыны ескерген біздің арна ұжымы Елдосқа барынша қолдау көрсетуге бел байлады. Елдостың көңілін көтеріп, арнайы дәрі-дәрмегін ала барған жас тілшілерді балақай қуана қарсы алды. Төрт жасар бүлдіршіннің төсек тартып жатқаны, «Отырар» телеарнасының басшылығы мен ұжымын бейжай қалдырмады. Жиылып, Елдостың жағдайын назарда ұстауды жөн санадық.

Былтырғы жылдың соңында жол апатына ұшыраған балдырғанның бүгінгі күйі бірқалыпты. Анасы  бір Алладан ертерек сауығып кетуін тілейді,. Бұл тілекке қосыла келген отырарлық тілшілерге көңілі босаған ана ризашылығының шексіз екендігін білдірді.

Бибігүл: «Сіздерге көп рахмет. Баламның басына түскен ауыр жағдайға қолдан келгенше көмегін аямаған «Отырар»телеарнасына алғысым шексіз. Балам қуанып қалды».

Кенжесінің бүгінгі халы жаны батса керек, ананың көңілі босап, көзіне жас та алды. Бибігүл Рақымжан Елдосты 38 жасында дүниеге әкелген екен. Алдында екі ұл, екі қызы бар. Тәттісінің тапжылмай төсекте жатқаны  жанын жабырқататыны сөзсіз.

Осылайша, балдырғанның саулығына қуанысып қайтқан тілшілер, онымен бірге суретке түсіп тарқасты.

Айта кетейік, «Отырар» телеарнасы Валентина Куликованың бастамасымен бұған дейінде көптеген азаматтарға көмек қолын созып, демеуші тауып беруге де септігін тигізген. Жаны жомарт ұжымның Елдосқа көмектесуі де орынды-ақ. Енді оның сауығып, аяқтан тұрып кетуіне дейін қадағалап, сіздерді де хабардар етіп отырамыз.

Exit mobile version