Шымкентте жаңа жобалар іске асуда

336
кәсіпкерлердің сұрағы толастамады

Шымкент қалалық әкімдігінің үлкен залына жиналған кәсіпкерлер жаңа бизнес-бастамаларды қолдау, яғни жаңа жобаларды іске асыруды, сонымен қатар экономиканың басым секторларындағы өндірістерді жаңарту мәселесін талқылады. Кездесудің басты мақсаты-еліміздегі кәсіпкерлікті дамыту жолындағы өзгерістерді түсіндіру еді.  Үстіміздегі жылдың өзінде жобаларды қаржыландыру қарқынды жүрген. Былтыр 3,5 млрд. теңге бөлінсе, биылға 4,5 млрд. теңге бөлініп отыр.

Бір айта кетерлігі кепілдеме жөнінде. Кепілдеме-отандық кәсіпкерлерді мемлкеттік қолдаудың тағы бір жолы. Көптеген қарыз алушы компаниялар банктерден алған бұрынғы несиелерін қайтара алмай отыр. Сондықтан да банктер қазір несие беруде алушыға қатаң талаптар қоюда. Оның сыртында көптеген  компаниялардың кепілдік мүмкіндігі де бола бермейді, сол себепті де жаңа бизнесті дамытуға  қарыз алу бүгіндері өте қиын. Осының салдарынан көптеген кәсіпорындардың  жағдайы жабылудың сәл алдында деуге тұрарлық. Мұндай компанияларға қолдау көрсету үшін мемлекет  бизнеске жаңа несиелер бойынша ішінара кепілдік беру қажет деген шешімге келді.

Бағдарлама аясында бастауыш кәсіпкерлерге банктің несиелері бойынша 70 пайызға дейін, ал іс әрекеттегі кәсіпкерлерге 50 пайызға дейін кепілдік беріледі.

Роза Назарбекова, облыстық кәсіпкерлік және өндірістік басқарма бастығының орынбасары: «Әрине, мен түсінемін. Кәсіпкерлердің барлығы бірдей 4,5 млрд. теңге ала алмайды.  Ол үшін кәсіпкер 10 пайыздық өзінің қаражатымен немесе 20 пайыздық мүлікпен қатысуы тиіс».

Мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге көптеген көмек көрсетілуде. Олардың қайта оқытып, қайта даярлауда мемлекет меншігіндегі іс. Шығынын да өздері көтереді.  «Кәсіпкерлікті дамыту-2020»  бағдарламасының арқасында кәсіпкерлер аяғынан тік тұруда.

Жиын барысында шағын және орта бизнес топ-менеджментін оқыту да сөз болды. Оқу шетелдік оқытушылар мен оқу орталықтарын тарта отырып, «Назарбаев университеті» бизнес-мектебі базасында өткізіледі.

Талап-тілек, сұрақтар легі көп болды, бұл отырыста. Әсіресе, мемлекеттік сараптаудан өту жолы толығырақ талқыланды. Бітпейтін құжаттар пакетін дайындап, сараптаудың нәтижесін күту- бизнестің дамуына әжептеуір септігін тигізеді. Жиын соңында осындай көкейтесті мәселелер талқыланды.