Úı Jańalyqtar Шымкенттегі қоймаларда азық-түлік шіріп жатыр

Шымкенттегі қоймаларда азық-түлік шіріп жатыр

Айдар ҚАЗЫБАЕВ, ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі Сауда комитетінің төрағасы

Қазақтанда бүгінгі таңда 2 млн.нан астам фермер бар. Бірақ олардың бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып жатқаны санаулы. «Әрқайсысы жеке табыс табуды көздеген соң, нарықта картоп, пияз, сәбіз сынды азық-түлік өнімдерінің құны 35 теңгеге дейін күрт төмендеп кетті. Мұндай баға елімізде осыдан 10-15 жыл бұрын болған, — дейді осы саланы реттеп отырған министрлік, — осыған сай, бүгінде көп өнім сатылмай, қоймаларда шіріп жатыр». Мұны Шымкентке арнайы іс-сапармен келген сауда комитетінің төрағасы айтты.

Айдар ҚАЗЫБАЕВ, ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі Сауда комитетінің төрағасы

Айдар ҚАЗЫБАЕВ, ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі Сауда комитетінің төрағасы: «Алаш» базарына барып қайттық. Тауарлар камазбен сатылып жатыр. Қоймалар жоқ. Ал тыстағы температура +25 градус. Картоп, пияздар күннің ыстықтығынан әрі қолайсыз жағдайдың салдарынан шіріп, ағып жатыр. Шымкентке азық-түліктерге арналған қойма жетіспейді. Уақ шаруаларды біріктіріп, ұлғайту керек. Осы мәселені жолға қою үшін шаруаларға субсидия береміз бе, көреміз. Әзірге біздер еліміздің облыстарындағы кәсіпкерлер мен шаруалардың ұсыныс-тілектерін қабылдап жүрміз».

Жағдайды реттеу үшін ұсақ шаруаларды біріктіріп, ірілендіру керек екенін А.Қазыбаев шегелеп айтып жүр. Екінші, 90 пайызы шағын дүкендерде сатылатын азық-түліктерді үлкен сауда кооперативтеріне аудару ләзім. Жоспардың ішіне «Батыс Қытай — Батыс Еуропа» автодәлізінің бойынан жайлы жерді анықтап, сауда логистикалық орталықтарын салу да кіреді. Тағы бір түйін. Еліміз бойынша 300-дей азық-түлік қоймасы болса, соның 5-уі ғана стандартқа сай келеді екен. Оның екеуі Шымкенттегі «Санжар фрутис» пен «Керемет» қоймалары.

Айдар ҚАЗЫБАЕВ, ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі Сауда комитетінің төрағасы: «Бұдан былай, шаруалар азық-түлік өнімдерін шығарғанда оның қаншасы тұтынуға кететінін, қанша бөлігі экспортқа сатылымға шығарын және қоймаларда сақтау мен өндіріске жіберілетінін алдын-ал білуі тиіс. Біз қазір еліміздің 16 аймағында арнайы ұйымдар құрдық. Енді келесі жылдан бастап аймақтарға артық өнім әкелінбей, қажетті тапсырыстар ғана жеткізіледі».

Елбасының жолдауында міндет еткен тапсырмасына сай, Шымкентте таяу арада тағы да 4-5 қойма салынбақ. Жаңа жоба бойынша, бұл орындар облыс үшін ғана емес, республиканың да жәйін күйттейді. Осы күнге дейін Петропавл мен Павлодардың кәсіпкерлерімен кездескен Айдар Қазыбаев әзірге тек жобаны таныстырып, ұсыныс қабылдап жүр. Тараз бен Ақтөбе сынды бірқатар аймақтарды аралағаннан соң, сауда комитетінің төрағасы мамыр-маусым айларында министрлікке кезекті ұсыныстармен шығуды жоспарлап қойыпты.

Exit mobile version