Шымкентте  қылмыстық топ құрықталыды. Бұл топтың жетекшісі кәмілет жасқа толмаған жеткіншек. Олар осы күнге дейін 10 автокөлік заңсыз иеленіп, тағы 76 автокөлікті тонап үлгерген. Бұл сандық көрсеткіш әлі өсуі мүмкін дейді құқық қорғаушылар.

Автокөлікке қатысты 100-ге жуық  ұрлық жасаған 3 адамнан құралған топ құрықталды. Олар полицейлердің қолына түспес үшін, көліктегі жабдықтарды емес, тек ондағы әмиянды ақшасымен жымқырып отырған. Арам ойын жүзеге асыруға баукеспелерге бар болғаны 10 секунд уақыт жеткілікті болған. Онымен қоймай, темір тұлпарларды да ұрлаған. Топтың басшысы 17 жастағы азамат бұған дейін 2 рет сотталғаны белгілі болды. Ұрылардың ізіне түскен арнайы жедел топ бір ай бойы оларды бақылаған. Нәтижесінде ұрлықты басты кәсібіне айналдырып, оңай жолмен олжа тауып жүргендердің соңғы әрекеті барысында істері әшкереленіп, қолдарына кісен салынды.

Арман БЕЙСЕНБАЕВ, Еңбекші аудандық полиция бөлімінің бастығы: «Бұл топты ұстау үшін арнайы жедел тергеу тобы құрып, жұмыс жасадық. Олар ұрлыққа жұмысқа баратындай шығып жүрген. Оларды қаладағы пәтерлердің бірінде қолға түсірдік. Пәтерден әр түрлі әмияндармен жәбірленушілердің құжаттарын тәркілеп алдық. Бүгінде бұл топтың басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Тергеу амалдары жалғасуда».

Күн көзі батысымен олар үй маңдарын аралап, ұрлайтын көлікті көздеп алып отырған. Тұрғындар қатты ұйқыға кеткен кезде күдіктілер ойларын жүзеге асырады. Санаулы уаққытта олар керек заттарын алып, оқиға болған жерден іздерін суытады.

Күдікті азамат: «Мен алдымен көліктің дауыс құралының бар жоғын біліп аламын. Содан есікті ашамын немесе терзесін сындырып көлікте болған әмиянды алып, қашып кетемін. Жол жөнекей әмиянды қарап, ішінен ақшаны алып, кезкелген жерге лақтырып кетемін».

Енді баукеспелер 2 бап бойынша жауапқа тартылатын болады. Бүгіннің өзінде ұрланған үш көлік табылып тәркіленіп алынған.