Тест жауаптарын сатып алу қиынға түспек

ҰБТ-2013


Биыл ҰБТ-ы маусымның 1-15-і аралығында өтеді. Республика бойынша мектеп бітіріп отырған 162 мың түлектің 80 пайызы тестілеуге қатыспақ. Облыс бойынша 39 408 түлектің 25 834-і тест тапсырамын деп буынып-түйініп отыр.

 Осымен 8 – жыл өткізілгелі отырған ҰБТ-ға, жалпы тест жүйесіне деген халықтың, педагогтардың, тіптімүйізіқарағайдай ғалымдардыңда көзқарасы, пікірісан алуан. Билет таңдап, үш-төрт сұраққа жауап беріп, емтиханнан төрт-бес алып оқуға түсе салатын баяғының жүйесін сағынатындар да бар арамызда. Соңғы мәліметтерге жүгінсек, білім беру саласын жетілдіру жөнінен Қазақстан биыл әлем елдерінің ішінде 4 – орынға жайғасыпты. Мақтанатындай-ақ көрсеткіш. Дегенмен бұл елдегі қаптаған сансыз ЖОО – да оқып жатқан жастар мен мектеп оқушыларының барлығы шетінен мыңды жығатын білімділер дегенді білдірмесе керек. Аталмыш көрсеткіш Қазақ еліндегі көптеген білім реформаларының, білім саласына бөлініп жатқан қыруар қаражаттың, ұстаз, ғалымдарға берілетін еңбек ақыныңк өтерілуімен өлшенетін нәрсе.

Халықтың сөзіне құлақтүрсек, 100 балдан асырып жинайтындардың көбісі көлеңкелі жолмен тест сұрақтарының жауабын сатып алатын көрінеді. Халықтың аузына қақпақ бола алмасың белгілі. Бірақ ара-тұра кейбір сөздерінің жаны бар ма деп қаласың. Себебі100 балдың өзін бұйым көрмей жинай салатындар жылдан – жылға көбейіп кеткен. Мәселен ОҚО бойынша 2010 жылы 5736 түлек 100 – ден асырып жинаған болса, 2011 жылы ондайлардың саны 7301-ге бірақ секірген.

2008 жылдан берітест жауаптары мемлекеттік құпия ретінде қарала бастағаны белгілі. Оны ашқан сатқындар алда-жалда ұстала қалса ең кемі15 жылға темір торға қамалады. Дегенмен, мұндай шулы оқиға елімізде көп тіркеле қойған жоқ. Бірақ, күндердің бір күнінде топ-тобымен ұсталып жатса таңғалмаңыз. Себебі сіз әлемдегі жемқорлықпен парақорлық жөнінен алдына жан салмай келе жатқан елдердің бірінде өмір сүрудесіз. Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК директоры Қали Әбдиев мырза журналистермен биылғы тест науқанына қатысты өзгерістер мен ерекшеліктер туралы ақпаратымен бөлісті. Оның сөзіне қарағанда биылғы жылы пәндер бойынша өзгеріс жоқ. Бұрынғыдай математика, оқыту тілі (қазақ мектептерін бітірушілер қазақ тілі, орыс мектептерін бітірушілер орыс тілі), Қазақстан тарихы және таңдау пәні. Биылғы басты өзгеріс – конкурсқа қатысуға мүмкіндік беретін шектік балдың өзгеруінде. Былтыр медициналық мамандықтарға – 55 балл, ал қалған мамандықтар бойынша 50 балл болған. Биыл еліміздегі Ұлттық университеттерге түсу үшін шектік балл – 70 құрап отыр. Олардың қатарына әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақ Ұлттық аграрлық университеті, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университеті, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясы, Ұлттық өнер университеті, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, С.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті кіреді. Басқа ЖОО-ларға – 50 балл. Бітіруші әр пән бойынша «4» деген бағадан кем емес балл жинауы тиіс. Өйткені, одан кем болса «2» деп есептеледі де, екілік алған мектеп бітіруші ЖОО-ға түсе алмайды. Бейіндік пән бойынша кемінде 10 балл алуы керек. Әр пән бойынша тапсырмалар саны – 25. Тестілеу уақыты – 3,5 сағат, яғни 210 минут. Өтініш қабылдау әдеттегідей 10 наурыздан басталды. Жылда он күн ішінде өткізілсе, биыл тестілеуді өткізу уақыты бес күнге ұзартылған. 2012 жылы ҰБТ 1-15 маусым аралығында өткізілмекші. Шығармашылық емтихандар 7 шілдеге дейін аяқталып, конкурстық комиссияның жұмысы 1-10 тамыз аралығында жүргізіледі. Грант иегерлерінің тізімдері жылдағыдай газет беттерінде жарияланатын болады.

Тесттің өту барысына тоқталар болсақ, мемлекеттік комиссия 5 адамнан құралады. Әр аудиторияда Білім және ғылым министрлігінің бір өкілі міндетті түрде болмақ. Оларға тәртіп бұзушыны өз шешімімен аудиториядан шығарып жіберуге өкілеттілік беріліпті. Биыл да тестілеуге кіргізу кезінде металл іздегіштер мен ұялы байланысты тұншықтыру қондырғылары пайдаланылады екен. Осының барлығы бақылауды күшейту үшін және әрбір оқушыға өзінің әділ бағасын алуына жағдай жасау үшін қажет. Сондай-ақ, аппеляцияға өтініш беру уақыты тестілеу нәтижелері хабарланғаннан кейін келесі күнгі сағат 14.00-ге дейін ұзартылған. Айта кету керек, бұрын сағат 13.00-ге дейін қабылданатын. Егер шағымданушылар көп болса, белгіленген сағаттан кейін мүлдем қабылдамай қойсын деген қатаң талап қойылмайтын бопты. Комиссия мүмкіндігінше өтініш-талаптарды қарастырып, жауап беріп, барлық жайтты мұқият тексереді.

Және тағы бір айта кететін нәрсе, “Алтын белгі” мен “Үздік аттестатқа” үміткерлер, үстіміздегі жылғы оқушылардың ғылыми жарыстары мен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадалардың жүлдегерлері және биыл ЖОО-ға түскісі келетін түлектердің барлығы міндетті түрде ҰБТ-ға қатысуы тиіс. Биыл республика бойынша 162 мың адам мектеп бітірсе, шамамен 80 пайызы тестілеуге қатысады деп күтіліп отыр. Ал өткен жылдары мектеп бітіргендер мен оқу орнын шетелде бітірген азаматтар, ҰБТ-ға денсаулығы бойынша қатыса алмаған мектеп бітірушілер, ҰБТ-ға қатыспаған халықаралық оқушылармен алмасу желісі бойынша шетелде оқыған жалпы білім беретін мектепті бітірушілер және ҰБТ-ға қатыспаған, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын жалпы орта білім беретін мектепті бітірушілер үшін кешенді тестілеу өткізіледі. Биыл колледж түлектері бұрынғыдай мамандықтары сәйкес келген жағдайда ЖОО-ға ҰБТ-сыз қабылданбайды, олар да кешенді тестілеуге қатысу керек деген шешім шығарылған. Яғни, техникалық, кәсіптік білімнен кейінгі бітірушілер 17 шілдеден басталатын кешенді тестілеуге қатысуы қажет. Кешенді тестілеуге өтініш қабылдау 20 маусымнан басталмақ.

Халық арасында тест сұрақтары қайдан алынады, оларды кімдер жасайды деген сауалдар жиі туындайтыны бар. Тіпті, «кейде шенеуніктер Астанадағы кабинеттерінде отырып алып, тест сұрақтарын ойдан шығарады екен» деген қауесет те ел арасында кезіп жүр. «Бұл, әрине, жаңсақ пікір» дейді Ұлттық тестілеу орталығының директоры. Шын мәнісінде бұл жұмыс бір жыл бойы жүргізіледі екен. Облыстық білім басқармаларының ұсынбалары негізінде барлық өңірлерден білікті, тәжірибелі ұстаздар сарапшылармен бірлесіп тест сұрақтарын жасайды. Тест тапсырмаларын жасаушы авторлардың жұмысы сарапшылар бекіткен жағдайда ғана қабылданып, аталмыш жұмыстың бәрі мемлекеттік құпияны сақтау туралы заңнамаға сәйкес жүргізілетін көрінеді. Қали мырза сондай-ақ «ҰБТ сұрақтары сатылады екен, бағасы пәлен, түген екен деген әңгімеге сенбеу керектігін, әлдекімдер, тіпті газетке “Тест сұрақтарын жауаптарымен сатамын” деген мәтінде хабарлама беруі мүмкін. Мұның барлығы – алаяқтардың ісі» – деп атап өтті. Алайда Ұлттық тест орталығының басшысы былтырғы Қызылорда облысына қарасты Жаңақорған қаласындағы оқиғаны есінен шығарып алса керек. Естеріңізде болса сол жердегі мектеп директорлары, аудандық білім бөлімінің басшысы, мұғалімдер, Ұлттық қауіпсіздік қызметінің өкілі, барлығы ұйымдасқан түрде ҰБТ болардан бір күн бұрын тестілеу материалдарын ашқан. Ертеңгі тестілеу кезінде дайын жауаптарды оқушыларға сату үшін шамамен 30 мұғалім жиналып, оларды алдын ала шығарып қойған. Директорлар ата-аналардан ақша жинауды ұйымдастырып, жауаптарды тура базардағыдай сатып, тестілеу өткізіліп жатқан аудиторияда сауда болған. Қазір осы оқиға бойынша 4 адамның үстінен қылмыстық іс қозғалып, ел сенген тұлғалар абақтыда жатыр. Бұларды көше кезіп жүрген ааляқтар дей алмайсың. Барлығы да жоғары білімді, қолында азды-көпті билігі бар шенеуніктер. Осыған қарап биыл да қызды-қыздымен мемлекеттік құпияны тиын-тебенге сатып жіберетіндердің пайда болмасына ешкім кепілдік бере алмайтын сияқты.

Дәурен ӘБДІРАМАНОВ.

P.S. Алаяқтар мен тест жауаптарын сатушылар туралы тестте кездескен сұрақтардың сауатты не сауатсыз жасалғанын, кімнің бағы жанып, кімнің еңсесі түсетінін алдағы өтетін науқаннан кейін ғана білетін боламыз. Ең бастысы ұл-қыздарымыз, іні-қарындастарымыз жүйкесіне салмақ түсіріп, өз-өзіне қол жұмсайтындай өкінішті, қайғылы жағдайға ұрынбаса екен деп тілейміз. Биыл түспей қалғанның ендігі жылы-ақ бағы жанып кетуі мүмкін екенін қаперде ұстаңыз.

Сіз не дейсіз?

 Мырзабек Сарыбаев, Академиялық инновациялық университеті есептеу орталығының бастығы. Ф.-м.ғ.к, доцент. «Талапкер» газетінің бас редакторы:

 – Биылғы ҰБТ мен кешенді тестілеуге қатысты өзгерістермен талапкерлердің көбісі таныс шығар деп ойлаймын. Енгізілген өзгерістер бойынша бұдан былай ауылды жерден кезекшілер қойылмайды. Бұл құзырет Астанадан келген арнайы комиссияға берілмек. Тағы бір айта кететін нәрсе бар. Ол – талапкерлердің көбісінің мамандық таңдауда қателесуі. Көп жағдайда осылай боп жатады. Мәселен математика мамандығын таңдауы мүмкін. Ал, математика деген екі мамандық бар. Бірі педагогикалық екіншісі ғылыми математика. Бірақ екеуі де математика деп жазылады. Алайда шифры екі бөлек. Осындай кезде міндетті түрде қайсысы қай салаға қатысты екенін мамандардан сұрап алғандары абзал. Себебі олардың біріне грант көптеу екіншісіне аздау бөлінуі мүмкін. Былтырдан бері мемлекеттік гранттың үштен бірі физика пәнімен байланысты мамандықтарға бөліне бастады. Бұл еліміздің техникалық, ақпараттық технологияларды дамыту ісіне қарқын беру үшін осылай жасалып отыр. Олар ертең жұмыссыз қалмайды. Сол себепті де ата-аналар мамандық таңдауда балаларына көмектесулері керек. Биылғы ҰБТ-ның ең төменгі балы 60 болады делінгені белгілі. Бірақ БАҚ беттеріндегі, халық арасындағы келіспеушіліктердің әсерімен ол заңдылық өзгертіліп, 50-ге төмендетілді.

 Құралай Ахметова, Шымкент қаласының тұрғыны:

– Ұлттық біріңғай тест тапсырғалы отырған оқушылардың көңіл-күйі қандай екенін білесіздер ме? Өз білімімен жоғары бал жинауға болады дегенге кейбірі сенбейді. Өйткені ақша берсең дайын жауапқа қол жеткізуге болатынын біледі. Ауылдағы сіңілім биыл мектеп бітіргелі тұр. Мұғалімдері әрқайсысын жеке-жеке шақырып алып, ашықтан-ашық «екі жүз доллар берсеңдер жоғары бал жинауға мүмкіндіктерің бар» депті. Мұны естіген бір оқушы қыздың шешесінің қан қысымы көтеріліп, ауырып қапты. Ал, сіңілімнің тестке дайындалуға ынтасы жоғалып кетті. «Бәрі ақшамен бітеді екен ғой, несіне дайындалам. Әке шешем жұмыссыз. Мұндай ақшаны тауып бере алмайды» деп ұнжырғасы түсіп кеткен. Мен: «екі жүз доллар берсең, сөзсіз оқуға түсіп кетесің деген сөз емес… Егер өзің барлығын беске біліп тұрсаң, саған ешкім кедергі бола алмайды» деп бетін әрең бері қаратқандай болдым. Бұл жерде мұғалімі баланың сеніміне неге селкеу түсіреді? Барлық мектепте мұндай емес шығар деп ойлаймын.

Газет анықтамасы:

ҚР Білім және ғылым министрлігінің ресми сайты:http://www.edu.gov.kz/