Әзілкеш Евгений Петросян Шымкентте

304

Кеше түнде қаламызға Ресейдің халық әртісі, әзілкеш Евгений Петросян ұшып келді. Ресейлік қонақ облыстық мәдениет басқармасы мен әзіл-сықақ театрының шақыртуымен арнайы келіп отыр.

Бүгін Оңтүстік циркте сатира жәрмеңкесі өтеді деп күтілуде. Евгений Петросян – сол жәрмеңкенің арнайы қонағы.

Үнемі көтеріңкі көңіл-күйде жүретін әзілкеш бұл жолы да бірнеше сағаттап ұшып келгеніне қарамастан, өзін көңілді ұстады. Алдағы жәрмеңкеден де жақсы әсер алуға тырысамын дейді ол.