Медицина қызметкерлерінің мерекесі – тек қана абзал жандардың ғана емес, дәрігерлер жұмысына жағдай жасаушылардың да мерекесі. Адам денсаулығын қамтамасыз ету саласында жүрген мекемелердің арасында медициналық құрылғылар шығарумен айналысатын «ҚазМедПрибор» компаниясы да бар.
Кәсіпорынның жұмыстары бұл күндері мемлекеттік дәрежеде аталып жүр. Мәселен, жақында ғана мекеме ұжымы еліміздің денсаулық сақтау министрінен алғыс хат алды. Қазақстандықтардың денсаулығы мен дәрігерлердің мүмкіндіктерін оңтайландыруды ойлаған білікті ұжым елімізде теңдессіз саналатын, тіпті әлемдік алып компаниялармен бәсекеге түсетін өнімдер шығарады.
Кәсіпорын осы күнге дейін жеткен жетістіктерімен тоқтап қалмақ емес. «ҚазМедПрибор» компаниясының болашақта өндіріс түрлерін кеңейту жоспары бар. Жұмыс бағдарламасында шетелдік нарықта да үлкен сұранысқа ие боларлық жабдықтар мен құрылғыларды шығару да нақтыланған.