Кентау кеудесін қайта көтермек

Кенді қала Кентау моноқалалар тізіміне ілінген оңтүстіктегі жалғыз қала. Соңғы уақытта мысы басылып, күн көру деңгейі төмендеп бара жатақан шағын шаһарға енді жүрек біткелі жатыр. Жергілікті басшылар ауқымды жобалар жасап, тұрғындарға тұрақты жұмыс ұсынбақ.

Моноқалалардың бірі кенді қала-Кентау. Қаладағы Байылдыр өндіріс комбинаты қалдықтар аймағының жай-күйi қала тұрғындарына экологиялық кедергі болса, екінші жағынан қаланың қайта жандануына себепкер болмақ. Моно қаланың басты жоспары да осы. Химиялық қалдықтарға толы 156 гектар жерде үлкен өндіріс орны ашылмақ.

Бақытбек Байсалов, Кентау қаласының әкімі: «Ең бірінші фабрика салынады.Біздің жоба бойынша холдинг ашсақ деп отырмыз. Оған жылу энерго орталығын қоссақ, ол электро-энергия шығаратын болады. Эксковатор зауытты қоссақ, ол сол жерде шыққан полиметалдарды жеткізіп отырса деп отырмыз».

Вахталық жүйеде жұмыс жасайтын тұрғындардың басым бөлігін өзімізге жұмысқа орналастырып, Моно қаланың жобасын бірге жүзеге асырамыз дейді қала басшысы Бақытбек Байсалов. Бірсалалы шағын қала өзінің даму даңғылын 15 жоба арқылы жүзеге асырады. Жобалардың нұсқасы «Даму» қоғамдық қорына ұсынылды.

Бақыт Байсалов, Кентау қаласының әкімі:«Біз құрылыс материалдарын шығарамыз. Біздің жоспар бойынша бес жылдың ішінде 10 көпқабатты үй салсақ па деп отырмыз. Біздің қала өсіп келе жатыр. Жастар өсіп келе жатыр. Сондықтан апатты жердегі үйлерді көшірсек деп отырмыз. Осының бәріне серпіліс береді».

Кенімен кеңес дәуірінде аты шыққан қала, тағы да серпін алады. Мұны кентаулықтар да қолдап отыр. Жобалар жүзеге аса қалған жағдайда су, газ, жылу сияқты коммуналдық жүйелер тапшылық көрмейміз, деп отыр шаһар басшысы. Жоспар айқын, жоба дайын, іс ұлттық компаниялардың тікелей қолдауымен жүзеге асырылады.