Табиғаттың тосын құбылысынан Төлеби ауданындағы Көксәйек ауылында су тасқыны орын алды. Толассыз жауған жауыннан осындағы 20 тұрғын үйге залал келген.

Тасқын су деңгейі 30-40 сантиметрге көтерілген. Баспаналарға енген су табалдырықты балшыққа айналдырыпты. Бірқатар тұрғын үйлердің іргетасы сөгіліп, қабырғаларында жарық пайда болған.

Айтарлықтай зиян келтірілген тосын жағдайға өкілетті органдар жайбарақат қарап отыр.  Толассыз жауын жауған күні ауыл әкімдігінің қызметкерлері ахуалды өз көзімен көріп кеткенімен, қол ұшын беруге құлықсыздық танытып отыр дейді тұрғындар.