қорғасын зауыты

Оңтүстікте жыл санап автокөліктер саны артып келеді. Қазір ресми мәліметтер бойынша, жалпы көліктер саны 400 мыңнан асып жығылады. Олардың техникалық ахуалы өз деңгейінде деп айту қиын. Қоршаған ортаға келтірер зияны да шаш-етектен. Осыған байланысты оңтүстіктің өңіраралық көліктік техникалық бақылау инспекциясы арнайы рейд өткізген болатын.

Облыс түгілі қаланың ішінде қатынап жүрген көліктердің сапасы сын көтермейді. Оңтүстік өңірарлық көліктік бақылау инспекциясы жыл басынан бері автокөліктеріндегі ақауы үшін жеке тұлғаларға 168 мың теңге, ал заңды тұлғаларға 32 мың 306 теңге көлемінде айыппұл салған. Бар-жоғы 1500 әкімшілік хаттама толтырылған. Бүгінгі рейд сол жұмыстардың жалғасы ғана.

Асылбек Қаныбеков, Оңтүстік өңіраралық көліктік бақылау инспекциясының бөлім бастығы: «Рейдті біз жоспарлы түрде өткізіп тұрамыз. Бүгінгі рейд тағы да 2-3 күнге жалғасады. Рейд қорытындысы бойынша заңсыздыққа жол берген жеке тұлғалараға айыппұл салынып, ал заңды тұлғаларға, яғни мекемелерге арнайы хат жолданатын болады».

Қаланы көк түтін еткен көліктерден келетін зиян аз емес. Күнделікті куә болып жүрсек те мән бере қоймайтын бұл жәйттің зардабы орасан дейді экологтар.

Әбілқасым Бөртебаев, Шу-Талас экология департаменті ОҚОФ экология бөлімінің бас маманы: «Әр машина жылына 4 мың ьонна оттегіні жұтып, 8 тоннадай зиянды, улы заттар шығарады. Бұл дегеніңіз көліктің бәрін тоқтату керек деген сөз емес. Тек сол техникалыөқ ақауы болса, дер кезінде жөндеп отырған дұрыс. Әсіресе, карбюраторынан кеткен ақау улы газдың көзі».

Ал осы кезде ОҚО  мамандандырылған табиғат  қорғау прокурорлары былтырғы тексеру жұмыстарымен қарын тойғызып, қарап отыр. Айтар себеп-сылтау да аз емес.

Ердос Найманбаев, ОҚ мамандандырылған табиғат қорғау прокурорының көмекшісі:  «Біз Шу-Талас экология департаменті ОҚОФ-мен және транспорт инспекциясымен бірігіп былтырғы жылдың күзінде рейд ұйымдастырған болатынбыз. Ал биыл ешқандай тексеру жұмыстары болған жоқ. Өйткені жаңа заң шықты ғой. Техникалық байқауға байланысты. Енді келер күзде кірісетін боламыз».

Табиғат  қорғау прокурорлары себептен сеп іздеп отырғанда, қала көліктен шыққан көк түтіннің құшағында тұншығуда. Әзірге жоғарғы орындарға есеп беру үшін ғана жасалатын рейдтерден келер нәтиже көрінбейді.