Бақытты отбасының ұйытқысы болып, жұмыста табысты маман иесі атану. Әрбір әйел осыған қол жеткізгізсем дейді. Бірақ көп жағдайда екі жақты үйлестіру қиынға соғып, біреуін құрбан ететін нәзік жандылар қоғамда аз емес. Бұл орайда, «Ладушки» кондитерлік жүйесінде жұмыс істейтін әйелдер қауымының жолы болды. Жақында мұнда «Ринновация» пайданы өсіру орталығының ұйымдастыруымен арнайы тренинг ұйымдастырылды.

Мұнда отырған әрбір әйел өз мамандығын да, отбасын да жақсы көреді. Олардың мақсаты бір. Жанұяны бақытты етіп, жұмыста табысты болуды көздейді. Мұның кілтін Алматыдан шақыртылған тренер Елена Қалдыбекова қатысушыларға ұсынуға арнайы келіпті. Оның айтуынша ішкі дүниеңіз таза болып, нақты жоспар түзуді үйренсеңіз, сіз алмайтын қамал болмайды.

Елена Қалдыбекова, бизнес-тренер: «Әйелдер көп тұсқа жауапты. Ал оның бәрін атқару оңай емес. Бастысы отбасына деген махабатты берік сақтап, сізді жетістікке жетелейтін, нәтижеге қол жеткізетін жоспар түзіңіз. Өз өміріңізге тез әрі, жақсы өзгеріс әкелетін қадамдарға тәуекел етуден қорықпаған жөн. Мақсатты айқындаңыз. Сонда ғана екі жақта да көпшіліктің көзайымына айналасыз».

Көп жағдайда әйелдерге әлем берген мүмкіншілікті меңгеруге дұрыс жоспар түзбеу және тәуекелдікке бармау кедергі келтіреді дейді маман. Елена Қалдыбекова бүгінгі тренингте негізгі пәлсапа мен психология ілімінде жатқан қажеттілікті игеруге тырысты. Ал шараны өткізуге ұйытқы болған орталықтың директоры Нонна Мансековнаның Ладушкиді таңдауы тегін емес. Өйткені мұндағы мамандардың 90 пайызын нәзік жандылар құрайды. Мұндай құнды кеңестердің аса қажет екенін қатысқандар да құптап отыр.

Светлана Лугина, «Ладушки» кондитерлік жүйесінің бас директоры: «Бәріміз бақытты болуды қалаймыз. Ал жұмыс мен жанұяны байланыстырып бақытты болуға қол жеткізу әйелдер үшін үшін қиын. Бүгінгі алған сабақтың маңызы өте зор. Оны тыңдау, одан соң жүзеге асыру деген бар. Бұл орайда әріптестеріме табыс тілмеймін».

Арнайы тренингке қатыса алмаған әйелдердің қамығуына негіз жоқ. Ринновация табысты ұлғайту орталығы 12-ші шілде күні Төле би көшесіндегі «Зерде» сауда орталығының ғимаратында Андрей Галуниннің шеберлік сабағын өткізеді. Сондай-ақ кез-келген мекеме орталыққа байланыс телефоны арқылы хабарласып, өздерінде тренингке тапсырыс өткізуге болады. Телефон: 54-50-97.