Оқушы күнделігінде сенім телефоны мен стикер болады

574

Шымкент оқушылары арасында қылмыстық оқиғалар тыйылмай отыр. Әсіресе №18,34,83 мектептер тәртіп бұзуда алдыңғы сапты бастап келеді. Сондықтан да биыл әрбір оқушының күнделігінде сенім телефоны мен стикер болады. Бұл туралы білім беру саласы қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз конференциясында айтылды. Бұл жолғы отырыс «Білім беру жүйесін жаңғырту-адами капиталдың сапалы өсуінің басты бағыты» тақырыбын арқау етті. Кеңесте қала педагогтары атқарылған істерді таразылап, болашақтың міндеттерін айқындады.

 

Шымкенттік ұстаздар өткен оқу жылында 34 ғылыми жоба жеңімпаздарын тәрбиелепті

Оның оны халықаралық дәрежеге дейін көтерілген. Осы жетістіктерін педагогтар қыркүйекте қайта қолға алмақ. «Ең үздік мектеп» мәртебесін төрт жыл қатарынан иемденген №47 Төлеген Тәжібаев атындағы мектеп биыл да бұл белесті өзгелерге бермеді.

Жамиля Оспанова, №47 мектептің директоры: «Осымен төртінші жыл биіктен көрініп келе жатқанымыз-ұстаздардың ерен еңбегі. Оқушыларымыздың ізденімпаздығы мен мұғалімдердің талапшылдығы деп есептеймін. ҰБТ-дан жақсы көрсеткішке қол жеткізіп, бірінші орынға тағы шықтық. Биылғы оқу жылы білім саласының жаңғыртылуымен ерекшеленеді. Сондықтан да, статусты сақтап, сапалы білім беру үшін аянбай еңбек етеміз тағыда».

Білім беру жүйесін жаңғырту-жаңа талаптарды орындауға міндеттейді. Сондықтан ұстаздардың біліктілігін сараптап, жаңа сарынға жылжытуды өзі міндетіне алған білім бөлімінің бастығы Жанат Тәжиева жұмыс барысында жіберілген қателіктерге ақталмай, сын деп қабылдап, түзеуді ұсынды барша мұғалімдерге.

 Жанат Тәжиева, қалалық білім бөлімінің бастығы: «Жаңа оқу жылы атқарылатын жұмыстар көп. Балаға сапалы білім, саналы тәрбие беретін ұстаздарға тек табыс тілеймін. жаңа 2011-2012 оқу жылының мазмұнын жаңарту жолында білім беру ісі қызметкерлерінің білімділік, біліктілік, ақыл-ой әрекетін жаңа арнаға тоғыстыру».

Оқушы күнделігінде сенім телефоны мен стикер болады

Биыл қалада 3 жаңа мектеп, 2 мектеп жанындағы қосымша ғимарат құрылысы аяқталып іске қосылған. Сондай-ақ шымкенттік 150 ұстаз білімін жетілдіріп, Назарбаев атындағы зияткерлік мектебінде жұмыс істеуге дайындықпен келген. Олар енді зияткерлік деген атқа ие болып отырған №65 мектеп-гимназиясында жұмысын бастайды.

Қатира Қадырбаева, №65 мектептің директоры: «Жеті жылдан бері республикадағы үздік 100 мектептің қатарында келеміз. Сондықтан да зияткерлік мәртебесіне ие болған біздер сенімді ақтаймыз деп ойлаймын. Ұстаздарымыз дарынды оқушыларымызды жан-жақты оқытуға дайын».

Жиын барысында биылғы оқу жылында оқушылар үшін мектеп үлгісі қанда болып бекітілгені көрсетіліп, үздік мұғалімдер марапатқа ие болды.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=5IXgFCSW7O0[/youtube]