Сөйтіп «Айқаптағы» ағайын апта басын қайнатып шәй ішпек түгілі, бет шаятын су таппай бастады. Өйткені, орталық су құбыры жарылған. Ал сол құбырдың үстіне гараж орнатылғандықтан, жөндеу мүмкін болмай жатыр.
Бауыржан ДІЛДӘБЕКОВ, учаске бастығы: «Гараж алынбай, су құбырын істей алмаймыз. Енді осындағы 36 пәтер азаннан бері сусыз қалды. Заң бойынша, бұл гараж біздің орталық су құбырынан 5 метр арақашықтықта орналасу керек. Былтыр да біз осы жердегі суқұбырының 15 метрін ауыстырғанбыз. Сонда да, осы гараж кедергі келтіріп, әрмен қарай жаңарта алмағанбыз».
Қит етсе, қызмет көрсетуші мекемеге шағымданып үйреніп қалған тұрғындар бұл туралы сұқбат беруден бас тартты. Өйткені, қос гараждың бірі үй төрайымына тиесілі. Сондықтан көршісін сыйлайды.
Кейіннен белгілі болғандай, бұл проблема шешіліп, тұрғындар ауыз суға қол жеткізді деп хабарлады ауызсуға жауаптылар. «Су арнасы» мекемесінің мамандары тұрғындардан осындай әлеуметтік нысандардың үстінен ешқандай ғимарат салынбауын кезекті рет сұранады.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=g3y8Q0TJGLY[/youtube]