Жаңалықтар 

Қылмыстық жауапкершілікке тартылған баласы үшін ата-анаға айып тағылады

Ақ сүт беріп өсірген ұл-қызының тәрбиесін уысынан шығарып алмауы үшін ата-ана қырағы болу керек. Бұл — бүкілқалалық ата-аналар жиынында айтылған сөз. Дегенмен, баласының болашағына тек мұғалім бас қатыру керек дейтін ата-аналар да аз емес,-дейді жиналғандар.

Бүкілқалалық ата-аналар жиналысы өтті

Биыл шілде айында ОҚО-да кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты құрылған болатын. Бүгінде жасөспірімдерге қатысты 50 қылмыстық, 200 азаматтық, 60-тан астам әкімшілік іс сот қарауында жатыр. Енді қылмыс жасаған баланың ата-анасы да жауапсыз қалмайды дейді осы басқосуға келген сот төрағасы.

Серікбай Төлепбергенов, ОҚО кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың төрағасы: «Баласы қылмыс жасаған ата-ана да жауапсыз қалмайды. Қылмыстық жауапкершілікке тартылған баласы үшін ата-анаға «өз дәрежесінде тәрбиелемегені үшін» айып тағылып, айыппұл тағайындалады».

Кейбір қала мектептерінде ата-аналар комитеті үшін арнайы кабинет қарастырылған. Сол ата-аналардың сұрануымен. Балаларының болашағына бей-жай қарай алмайтын ересектер осы жиында өз ұсыныстарын айтты.

Нұрділдә Сейділдаев, №51 мектептің ата-аналар комитетінің төрағасы: «Мектептің өндіріс бағдарламасын қайта қарау қажет. Тәрбие жұмыстарына көбірек көңіл бөлінуі тиіс. Әрбір ата-ана өз баласының кіммен дос, кіммен жолдас екенін біліп жүруі керек. Керек болса, телефон, мекен жайларын да жатқа білуі қажет».

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz