Жаңалықтар 

Балабақша тағы қымбаттады

балабақша 

Нарық қыспаққа алған тұста мемлекеттік балабақшалардағы төлемақы құны да қымбаттап барады. Енді ата-аналар мектепке дейінгі тәрбие беретін мекемеге баратын әр перзенті үшін бұрынғы 6152 теңгенің орнына 8 мың теңге төлейтін болады.

Облыс әкімі осындай шешім қабылдап отыр. Бұйрық қазанның 1-нен бастап күшіне енуі тиіс. Оның үстіне Үкімет наурыз айында қаулы шығарып, мектепке дейінгі мекемелердің төлемақысын 7800 теңгеге дейін жеткізуге рұқсат берген болатын. Тамақтанудың санитарлық жаңа нормаларын енгізу үшін бұл сома жеткіліксіз болып, ақыры ол жоғарыда айтқанымыздай 8000-ға көтерілмекші.

Төлемақының қымбаттауын балабақша қызметкерлері құптап отыр. Өйткені балалардың ас-ауқатын әзірлеуге қаражат жетіспейтін. Ал енді бүлдіршіндердің тағамын дәрумендермен байытуға біршама мүмкіндік болады дейді олар. «Балалар тағамының мәзірін әзірлеуде бұрын қиналыңқырайтын едік. Енді ас-мәзірінде балық, ет, сүт өнімдері молырақ болады. Балабақшалардағы перзенттері үшін жағдайдың жақсаратынына ата-аналар да риза болуы керек», – дейді балабақша басшылары.

Бірақ балабақша ақысын қымбаттатуға шешім қабылдағандар әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардың сәбилері туралы ұмытып кеткен секілді. Қаланың бас педагогының айтуынша, көпбалалы отбасылар мен асыраушысынан айрылған балғындар үшін ешқандай жеңілдік қарастырылмаған. Яғни, олар да ай сайын 8 мың теңге төлеуі тиіс.

Жанат Тәжиева, қалалық білім бөлімінің бастығы
– 1-ші қазаннан бастап облыс әкімінің шешімімен балабақшалардың құны қымбаттайтыны рас. Алдағы уақытта тағы да ақпараттандыратын боламыз.

Мамандардың сөзіне қарағанда, тамақтанудың қазіргі санитарлық нормасы кеңестік дәуірден келе жатыр. Жаңа ережеге сай бүлдіршіндердің ас мәзірі өзгереді. Тамақтың сапасы және мөлшері артады. Бұрын мектеп жасына дейінгі әр балаға күніне 100 грамм ет тиесілі болса, енді ол 10 грамға көбейді. Сол сияқты, көкөніс пен жеміс-жидек мөлшері де артпақ.

Ата-аналар болса төлеу қиын болатынын айтады. Шымкентте орташа еңбекақы әлі сол баяғы 30-40 мың екенін ескерсек расымен де отбасы бюджетіне әжептәуір салмақ түсірейін деп тұр. Баға көтерілетін болса, ата-аналардың көпшілігі балабақшадан бас тартпақшы. Кей отбасыларда балабақшаға баратын балалардың саны бірнешеу екенін есепке алсақ, мұның заңдылық екенін ұғуға болады.

Дәурен ӘБДІРАМАНОВ

Білім беру мекемелерінің асханаларында сатылуға тиым салынған азық-түлік және тәттілердің тізімі:

1. «Hershey’s», «Cadbury», «Fruit&Nut» шоколад өнімдері
2. «Mars», «M&M»
3. «Snickers»
4. «Twix»
5. «Milky Way»
6. «Cadbury» шоколад, какао
7. «Ferrero»
8. «Nestle» шоколады, «Россия»
9. «Nesquik» шоколадты сусыны
10. «Соса-Соla» алкогольсіз сусыны
11. «Спрайт», «Фанта», «Кинли», «Фруктайм»
12. «Pepsi»
13. «7-Up», «Фиеста», «Маунтин Дью»
14. «Kellogg’s» құрғақ таңғы асы
15. «Campbell» сорпасы
16. «Uncle» «Bens» «Mars» күріші
17. «Knorr» соусы
18. «Lipton» шайы
19. «Parmalat» печеньесі
20. «Hellman’s» дәмдеуіш, майонез, соустары
21. «Heinz» дәмдеуіш, майонез, соустары
22. «Nestle» балалар азығы
23. «Делми» Unilever азық-түліктері мен балалар азығы
24. «Abbot Labs Similac»
25. «Danon» өнімдері
26. «McDonald’s» жылдам ас ішу ресторандар жүйесі
27. «Kraft» шоколады, чипс, кофе, балалар азығы
28. «Heinz Foods» кетчупы, соусы

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz