Барлық БАҚ өкілдері оңтүстікке ат басын тіреді

213
БАҚ өкілдері Шымкентте

Шымкентке республикалық басылымдар мен телеарналардың тілшілері, электронды ақпарат құралдарының өкілдері жиналды. Ондағы мақсат – облысымыздағы индустриалды-инновациялық бағдарламаның барысымен танысу.

Оңтүстіктегі оңды істермен танысқан тілшілер қауымы Елбасының тапсырмасы өзге жаққа қарағанда бізде қарқынды орындалып жатқанын бірден атап өтті. Әріптестеріміз қаламыздағы индустриялы аймақта орналасқан кәсіпорындардың жұмысымен толық танысып, Оңтүстік өңірінің байлығы мен іскерлігіне тәнті болды.

Нағашыбай Қалыбеков,»Қазақстан-Заман» халықаралық газетінің өкілі:»Мойындай керек, оңтүстіктегі индустрия шынымен-ақ дамуда.Біз көп жүреміз, көп аралаймыз, салыстырмалы түрде айтқанда сіздерге тең келер ешкім жоқ,әзірге.Ендігі тілегіміз, осы тауарлар халық қалтасына қонымды, нарықта ұтымды болғай.Тоқтап қалмай, зауыттар ары қарай жылжып дамыса дейміз».

Облыстың өнеркәсібінің тоғыз ай ішіндегі өнімінің жалпы құны 279 миллиард теңгені құрайды. Индустрияландыру бағдарламасы аясында 79 жоба жүзеге асып, жұмыс істеуде. Бұл жағынан өзге облыстардағы көрсеткіштен әлдеқайда алда келеміз дейді облыс әкімінің баспасөз хатшысы.

Берік Уәли, облыс әкімінің хатшысы:»Бір аймақтар бар, түймедейді түйедей етіп мақтанатын. Ал оңтүстікте түйе де бар.Яғни кәсіпорындар дамып келеді.Алдыңғы қатарда,оған келе сала көзім жетті. Бірақ, тым ұяңдығымыздан ба, әйтеуір жарнама жағы ақсап тұр екен. Осыны көрдім де, елге паш етуді ойлап, осы пресс турды ұйымдастырдық. Барымызды бар, жоғымызды жоқ деп көрсеткеннен біз ұтылмаймыз».

Республикадағы барлық БАҚ өкілдерінің басын қосқан баспасөз-саяхаты екі күнге созылады. Бүгін олар индустриялық аймақты араласа, ертең қаламыздағы бірқатар мәдени орындармен танысады.