Еліміздегі ең үлкен ескерткіш Шымкентте бой көтереді

Жаңа ескерткіш қойылып жатыр

Шымкентте жақында республика бойынша ең биік ескерткіш ашылмақ. Бәйдібек биге арналған, басқа ешқандай өңірде жоқ монументті орнату жұмыстар қызу жүріп жатыр.

Жаңа ескерткіш қойылып жатыр

Жұмысшылар ескерткіштің бір бөлігін кран арқылы көтеріп, тұғырына қойып жатыр. Толық біріктірілген соң еліміздегі ең алып монумент болады. Жұмыстың қиыны сол — дайын тұрған тұғырына ескерткішті түп-түзу орнату керек. Өйтпеген жағдайда мәрмәр тасқа зиян келіп, бүлініп қалуы мүмкін.

Ескерткіштің биіктігі — 10 метр, салмағы — 9 тонна. Яғни, Қазақстан бойынша теңдесі жоқ. Бір қарағанда Рио де Жанейродағы әлемге әйгілі монументке ұқсайды. Сол ұқсастықтың да себебі бар.

 

Бақытжан Әшірбаев,облыстың бас сәулетшісі

Бақытжан Әшірбаев, облыстың бас сәулетшісі:«Келешекте осы қойылып жатқан ескерткіш жаңа қаланы алақанында ұстап тұрғандай болады. Оң жағында әкімшілік орталығы болса, сол жағында тұрғын үйлер болады.Өзі шығысқа қарап тұратын ескерткіш қаламыздың көрнекті орнына айналады. Қаламызды өз қамқорлығына алып, бата беріп тұрғандай күйде тұрады монумент. Бұл жер қалаға қарағанда 200 метрдей биіктеу.Қойған жерін бізде 4 метрге көтердік.Ертеңгі күні оның бәрі гүлге оранады. Астындағы тұғырнамасының өзі-9 метр. Ал мүсіннің өзі 10 метр. Бәрін есептеп шыққанда ескерткіштің өзі-25 метр, оған өзінің 200 метр биіктігін қоссаңыз, 225 метр болып отыр. Қаланың үстінен көрінетін алып ескерткіш болады».

Жақын арада Бәйдібек биге Шымқала алақандағыдай анық көрінеді. Тарихта ел бірлігін сақтап, әділдікті ту еткен билердің бірі — осы Бәйдібек баба болатын. Авторлар да осыны ескерсе керек, жаңадан бой көтеретін шағынауданның биік жеріне орнатуға бел буыпты.

Жоба авторлары болашақта Бәйдібек би ескерткіш орнатылған тұс қаламыздағы ең көрнекті орынға айналады деген сенімде.