Жаңалықтар 

Оқулық әлі тапшы

оқулық жетпей жатыр

Мектеп оқушыларын оқулықпен толық қамтамасыз етуге Қазығұрт (30 млн. 412 мың 700 теңге), Мақтаарал (134 млн. 280 мың теңге, оның 61 миллионы тәжiк тiлiндегi оқулықтар үшiн), Отырар (4 млн. 920 мың теңге),  Сайрам (78 млн. 811 мың теңге), Сарыағаш (84 млн. теңге), Созақ (15 млн. 101 мың теңге), Төлеби (27 млн. 531 724 теңге), Түлкiбас (16 млн. теңге) аудандары мен Арыс (9 млн. теңге), Кентау (19 млн. 242 500 теңге), Түркiстан (16 млн. теңге) қалалары жергілікті бюджет қаржысын жеткізе алмай отыр. Яғни, облыс бойынша 428 млн. 198 мың 920 теңге жетiспейді.

Бiлiм басқармасының мамандары 2012 жылдың соңына дейiн бұл мәселенің түбегейлі шешімі табылатынын айтады. 2013 жылы – 2,9-сыныптар, 2014 жылы – 3,5,10, ал, 2015 жылы – 1,4,11-сыныптарды оқулықпен қамту жоспарда тұрған көрінеді.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz