Офарин байқауына – 20 жыл

299
Шымкентте Офарин байқауының 20 жылдық мерейтойы өтті

Офарин байқауына – 20 жыл! Өзбек мәдени ортылығының ұйытқы болуымен өтіп жүрген дәстүрлі байқаудың мерейтойы өтті бұл күні. Айта өтейік, Офарин – өзбек ұлтының ұлттық беделге ие байқауы. 1992 жылдан бері қолға алынып, дәстүрлі түрде ұйымдастырлып келеді. Сайыс 4 жанрда, яғни жас әншілер, би өнері, ақындар айтысы және лафар бойынша өтіп жүр. Ал бұл жолғы мерейтойға 10 жасар Дастан Рахимов арнайы келіп, аталған өнер бәсекесінде бақ сынауға мүмкіндік алды.

Дастан Рахимов Офарин байқауында бақ сынауды жоспарлап отыр

Дастан Рахимов: «Мен бүгін «Эй, қорлиғоч» әнін шырқадым. Келген көпшілік риза болды деп ойлаймын. Сондай-ақ дәл бүгінгі күні мен қызу дайындық үстіндемін. Себебі, осы байқауға қатысып, бас жүлдені иеленемін деген үміт те жоқ емес. Сондақтан саз мектебінде дәріс алып, білікті ұстаздардан сабақ алудамын. Даусымның өзгеріске ұшырамауы үшін күтім жасауды ешқашан ұмытқан емеспін. Ал бүгін мен тек телелдидарда немесе тойларда ғана көретін эстрада жұлдыздарын көрдім. Барлығы да маған ақ баталарын беріп, осы байқау арманыңа бастар жол болсын деген тілектерін жеткізді. Әрине, аға буын айтқан жақсы сөздерге қуандым. «Жақсы сөз – жарым ырыс» деген емес пе?! Ендеше, дайындығымның дәрежесін жоғарылатуым қажет-ақ.

4 өнер жанрынан құралған сайыс – өзбек ұлтының мәдениетінен сыр шертеді. Ұмыт қалған дәстүрді жаңғыртып, өнерліні анықтайды. Нағыз таланттың өнерін танытып, көпшіліктің алдында танымалдылық сыйлайтын байқау бүгінде талай өнерліні түлеткен. Сол себепті, биылғы 20 жылдық мерейтойдың Оңтүстік өңірінің 80 жылдық меркесіне тұспа-тұс келуін айрықша атап өті отырмыз дейді өзбек мәдени орталығының төрағасы Икрам Хакімжанов.

Икрам Хакімжанов, өзбек мәдени орталығының төрағасы: «Бүгінгі таңда көптеген ұлт пен ұлыс Қазақстан атты ұлы мемлекеттің

Икрам Хакімжанов өзбек ұлты мәдениетінің дамуына ешқандай кедергі жоқ дейді

шаңырағында өмір сүрудеміз. Алайда, Елбасымыз ешқашан қысым көрсетіп немесе мәдениетіміздің дамуына кедергі болған емес. Қайта құрмет танытып, сыйластық лебізін байқатады. Арнайы заң да жарық көрген. Сондықтан бұл Офарин байқауы да біздің дәстүрімізді дәріптеп, ұлтымыздың ұлылығын көрсететін байқау дер едім. Күні бүгінге дейін талай өнерпаздың өнерге бет бұруына сеп болып отыр. Бұл аз десеңіз бүгінгі мерекеде де жас таланттардың басын қосты. Осыған қарап-ақ, Офарин талай таланттар мен топжарғанды анықтайды деп ойлаймын. Сенім мол, әрине. Ең бастысы, еліміз тыныш, жұртымыз аман болғай. Бүгін осында жиналған Офариннің жеңімпаздарын жинап, марапаттадық. Себебі, бұл өнер иелері Офариннің жүлдегері деген атағына сай өнер көрсетіп жүр. Дәл осы сәтті пайдалана отырып, 29-қыркүйек күні Абай саябағында өтетін өзбек ұлтының тілі, мәдениеті өнері күніне орай, сондай-ақ Оңтүстік өңірінің 80 жылдығына орай саябақта 80 кг палау басуды жоспарлап отырғанымызды айтқым келеді. Бүкіл жерлестеріміз бен қала қонақтарын шақыруды парыз санап отырмыз. Келіңіздер, біз Сіздерді күтеміз».

Бұл мерекеде бүгінге дейін Офарин байқауының жеңімпазы болып үлгерген жандарға алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Айта өтейік, 2 жылдан кейін офариннің жаңа жеңімпаздары анықталатын болады.