Отырар ауданында үш жаңа мектеп салынуда

808
Мектеп құрылысы қызу жүргізілуде
Отырардағы жаңа мектептердің құрылысы қарқынды

Апатты мектептердің санын азайту мақсатында Отырар ауданында салынып жатқан үш жаңа мектептің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Соңғы үш жылда 8 жаңа мектеп қолданылуға беріліпті. Еліміздің өркендеуі нәтижесінде жүріп жатқан игілікті істер орта оқу орындарындағы үш ауысымдықтың жойылуына тікелей септігін тигізіп отыр.

Аудандық білім беру бөлімінің мәліметі бойынша, Шойманов ауылындағы мектептің құрылысын «Jer Crup» ЖШС қолға алған. 100 оқушыға арналған білім ошағына 130 миллион теңге қарастырылыпты. Жұмысқа жергілікті тұрғындар тартылған. Құрылысшылар желтоқсан айында аяқталуы тиіс құрылысты мерзімінен бұрын бітіреміз деп отыр.

Мектеп құрылысы қызу жүргізілуде

Құралбек Қалдыбеков, «Jer Crup» ЖШС-нің прорабы: «Сырты мен іші сыланып жатыр. Кәріз және су жүйелері жүргізіліп бітті. Жылу жүйелері жүріп жатыр. Жаңбырға қалмайын деп жолды да істеп жатырмыз. Графиктен калып жатқан жоқпыз. Жұмыскерлер айлыктарын уақытылы алуда».

Аяқталған соң заманауи құрал-жабдықтармен жарақталатын жаңа бiлiм ордаларының құрылысына ата-аналар алғыс бiлдiруде. Аудандағы 42 мектептің 25-і бір ауысымда білім береді. Бұған қосымша тағы 200 орындық екі жаңа мектептің құрылысы жүріп жатыр. Олар: Шытты ауылындағы Дәрібаев және Ынталы ауылындағы Байтанаев атындағы орта мектептер.

Жалғасбай Көлбай, Отырар аудандық білім бөлімінің бастығы: «3 мектепке 800 миллион теңгеден астам қаржы қаралған. Барлығы өз графигімен келе жатыр. Жұмыстары сапалы. Келер жылға да 3 мектептің жобалық сметалық құжаттарын дайындап отырмыз. Қаржының бөлінуіне қарай келесі жылдың жоспарына енеді деп күтеміз».

Типтік үлгіде салынған 8 мектептің жанынан шағын орталықтар да ұйымдастырылған. Бұрынғы мектептің ескі жайлары күрделі жөндеуден өткізіліп, онда балабақша ашылмақ. Ауылда мектеп жасындағы балғындар да көп.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=tauJ4AsOYnk[/youtube]