Жаңалықтар 

Шымкент көшелерінде жаңа жол белгілері пайда болды

Майыспалы бағананы көрсеңіз,бұрылуға болмайтынын ұмытпаңыз

Жол қауіпсіздігіне жауапты мамандар жүргізушілерге ескерту жасайды. Қаламыздағы үлкен даңғылдарда кері бұрылуға болмайды. Ол үшін арнайы белгілер де орнатылуда. Пилоттық жоба ретінде жүзеге асырылған шара жол апатының алдын алуға септігін тигізуі тиіс.

Бұл майыспалы қауіпсіздік бағаналары үлкен көшелерде кері бұрылауға болмайды дегенді меңзейді. Әзірге,қаланың үш көшесіне, атап айтсақ Қонаев даңғылы, Байдібек би көшесі, Темірлан тасжолы бойына орнатылған. Көзге айрықша түсетін жол белгісі-қауіпсіздік нышанына айналса игі.

Ғалым Мұратбекұлы, көлік жүргізуші: “Үлкен даңғылдарға қойылған жол белгілері дұрыс. Бірақ ара қашықтығын сәл қысқарту керек сияқты. Өйткені ортасына машина сиып кетеді. Аз кемшілігі болмаса, бұл белгінің атқарар рөлі орасан. Қатты жылдамдықпен келе жатқан көлік, бірден бұрылам деп жол апатын тудыруы мүмкін”.

Жол ережесін сақтау-міндет

Кептелесі тыйылмай отырған орталық көшелерде бұрылып, өзгелерге кедергі жасайтын жүргізушілердің саны азайып, оң нәтиже беріп жатса келер жылы қаланың барлық көшелеріне орнатылады екен. Айта кетейік, бұл майыспалы бағаналардың құны әзірге қалта көтерерліктей. Бір қиылысты жабуға 6 мың теңге жұмсалыпты. Көрші ресейден әкілінетін бағаналарды абайсызда соғып кетсе, жеңіл көлікке ешқандай зақымда келмейді дейді.

Абай Тұрханов, ТҮКШ-нің бас маманы:”Әзірге сынақ ретінде қойылды.Түнде жарық беріп,жүргізушіге серік болса, күндіз жол қауіпсіздігін сақтайды деп ойлаймыз. Егер сенімімізді ақтап жатса, келер жылы бюджеттен арнайы қаржы қаралып, қаланың өзге де үлкен көшелеріне қойылатын болады”.

Ал жол полициясы басқармасындағылар бұл бастамаға дән риза. Онсызда жол апаты бойынша алдыңғы қатарда келетін біздің облысқа осындай белгілер көптеп қажет екен.

Данабек Мырзабеков, ОҚО жол полициясы басқармасының бөлім бастығы:”Біз арнайы ұсыныспен облыс әкіміне хатпен шыққан болатынбыз. Үнемі кептеліс болып тұратын орталық көшелерге оң жақ жолақшалар салуды ұсындық. Ұсынысымыз іске асып, биылдан бастап, жолақшалар салына бастады. Мұның барлығы жол қауіпсіздігін сақтап, жол апатын алдын-алу болып табылады”.

Жол белгілеріне бағынатын кез келді

Еліміздегі үшінші қаланың көлігі тұрғынымен тепе-тең. Сол себепті де кептіліс пен жол апатының алдын алу мақсатында жасалып жатқан оң жақ жағалаудағы қосымша жолақтарды 62 көшеге қою жоспарланған. Егер майыспалы бағаналар сынақтан сүрінбей өтсе, келер жылы жүздеген көшеден кездестіретін боламыз.

 

 

 

 

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz