Шымкентте Қазақстан халқының тілдер күні тойланды

468
Шымкентте "Елге құрмет - тілге құрмет" облыстық фестивалі өтті

Қазақстан халқының тілдер күні мерекесіне орай «Тілге құрмет – елге құрмет» атты облыстық фестиваль өтті. Қаламыздағы Ж. Шанин атындағы қазақ драма театрында тойланған атаулы датаға өңіріміздің өзге ұлт өкілдерінің өнерпаздары белсене атсалысты. Айта өтейік, бүгінде облысымызда 717 444 өзге ұлт өкілінің 83, 4 пайызына өз ана тілінде білім алуға толық жағдай жасалып отыр. Толығырақ айтсақ, Оңтүстік Қазақстан облысында 2 621 523 адам тұрса, оның ішінде 72, 6 %-ы орыс, 1,2 %-ы – тәжік, 1,1 %-ы – әзірбайжан, қалған 3,3 %-ын облыстағы 101 ұлттың өкілдері құрайды. Айта өтейік, облыста мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі 88 пайызға, орыс тілін меңгерген ересек тұрғындардың үлесі 60 пайызға, ағылшын тілін меңгерген ересек тұрғындар үлесі 6,1 пайызға жетті.

Бұл күні 15 жасар Дарья Вершняк жыр жолдарын қайталап, дайындығын пысықтауда. Қазақстан халқының тілдері фестивалінде қазақ ұлты деген өлеңді оқуды жөн көрген ару сахнада жүрекжарды жырын оқыды.Сондай-қ достарының көбісі қазақ екенін жасырмады. «Мен орыспын сыйлаймын қазақ ұлтын, Қастерлеймін дәстүрін, салт-дәстүрін. Өйткені мен өркендеп осы жерде, Топырағын қазақтың басып өстім» деп мақтана оқыған Дарьяның жыр-шашуы көпке оймақтай ой салды.

Дарья Вершняк қазақ ұлтына арнап өлең оқыды

Дарья Вершняк: «Мен біріншіден бүкіл қазақстандықтарды тілдер меркесімен құттықтаймын. Бір шаңырақтың астында, бір атаның баласындай болып отырған отандастармыз. Ендеше, бүгінгі мерке – біз үшін үлкен ауызтолтырып айтарлықтай той-думан. Сондықтан, өлең оқып, ән айтып, би билеп жалпы айтқанда бар өнерімізді ортаға салудамыз. Қанша дегенмен, Елбасымыздың сарабдал саясатының тұсында біз осындай жомарттықтың иегері ретінде күн кешудеміз. Бізді ешқандай шеттету деген қыңыр қылық көрсеткен емес. Тіпті сыныптастарымның өзі де біз бір мемлекетпіз, бір нанды бөлісіп жеген бауырлардай болып жүруіміз маңызды дейді. Осыған қарап-ақ өзімнің қазақстандық болғаныма қуанамын. Басқа-басқа кең пейілді, дархан көңілді қазақтарды құрметтеймін. Сондықтан да осындай мән-мағынаға ие жыр жолдарын көпшілік алдында шімірікпей оқыдым. Мен қазақстандық болғаным үшін мақтанамын! Менің мақтанышым – Отаным Қазақсатан!» 

Облыстық «Тілге құрмет – елге құрмет» фестивалі «Тұмар ханым» қойылымымен шымылдығын түрді. Сахна төрінен ұлттар мен ұлыстардың, этно орталықтардың арнайы дайындаған 15 нөмір реті тамашаланды. Келген көпшілік атаулы датаның маңызды екенін айтады.

Бақыт Жорабекова, көрермен: «Бұл фестиваль жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін думан болғалы қашан. Әр жылы осы бір мерекені асыға күтеміз. Сондықтан болса керек, тату-тәтті ғұмыр кешкен ұлттар мен ұлыстар бұл күні бас қосып, бар өнерлерін ортаға салады. Нәтижесінде, керемететй той-думан орын алады. Оңтүстіктің жылы жүзді, қонақжай халқы бұл мерекені де бір кісідей атқарып тастайтыны тағы бар. Ал тілдерді дамыту басқармасына келетін болсақ, бұл басшылық менің ойымша қолынан келген шараларды өткізіп жүр. Сондықтан, еш ұлт өкілі ешқандай қысым көріп немес әлеуметтік көмек көрмей жүр деп мен айта алмас едім».

Наргиза Каримова, көрермен: «Мен қазақ ұлтына деген ризашылығымды айтып жеткізе алмаймын. Себебі, ащы шындық болса да айтайын, бізгеөзбекстанда жасалмаған жағдайды жасап отыр. Ешқандай бөліп-жару деген саясат жүргізілмейді. Бір атаның баласындай күн кешеміз. Ең болмағанда басынушылық немес міндет қылушылық – қыңыр әрекеттер де көрсетпейтініне ризамын ғой. Сондықтан, Елбасымызға сонымен қоса қазақ ұлтына шексіз алғысымызды білдіремін! Мұндай жомарттық кез келген елде жасала бермейді. Бұл жасалған жақсылықтарды ешқашан ұмытпаймыз дегім келеді». 

14 жылдан бері қолға алынған шарада әр ұлт өкілі салт-әстүрінен сыр шертетін өнерін ортаға салды. Қойылымдар қойылды. Түркістандық Нұрғиса Бектаев қазақтың қара домбырасын қолға алып, шарықтата ән орындады. 26 жасар әнші орындаған шығармасы арқылы көпке ойтүрткі болар пікір тасдым дейді.

Нұрғиса Бектаев патриоттық әннің астарында ақиқат жатыр дейді

Нұрғиса Бектаев, әнші-термеші: «Көк тудың желбірегені» деген керет әнді көпшілікке арнайы орындадым. Патриоттық әннің мән-мағынасы терең ойды көксейді. Түсінген адам үшін Қазақстандық деген ұғыммен үндесетін ән әрбір отандастарымыздан расында да жауапкершілікті талап етеді. Туымыздың көк аспанда қалықтауы – бізді бірлікке, татулыққа, ынтымақ пен алға басуға меңзейді. Елу елдің қатарына еніп, жұмыла жұмыс жасап, баршамыз бір шаңырақтың астында бейбіт өмір сүрге шақырады. Бұл аз десеңіз, Алла өзі сақтасын, қандай қара аспан төнгенде де баршамыз бірге қарсы тұрып, қасқайып кеудемізді тік ұстап, елімізге қорған болуымыз міндетті екені де осы әнде толғанады. Сондықтан әрбір басқан қадамымыз бен өткен тарихмызға тоқталып, кез келген шешімге жауапты байламмен келген орынды болмақ».

Айта өтейік, мереке аясында тілдерді қолдану мен дамытуға өз үлесін қосқан жандар алғыс хат және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Көпшілік алдында құрметке бөленген жандар жаңа толқынның елінің болашағы – патриоты болуына сүбелі еңбегін сіңіргендер. Сондықтан, бұл кісілердің ел алдында қошеметтелуі де орынды, дейді тілдерді дамыту басқармасының басшылығы. 

Шолпан Бейсенбаева шәкірттерімен мақтанады

Шолпан Бейсенбаевна, №8 М.Х.Дулати атындағы мектептің директоры: «Біздің мектепте өзге тілдерді терең меңгеруге мүмкіндік мол. Дарынды шәкірт тәрбилеп жүрген мектептің оқушылары бүгін осында сахнаны өнермен көмді. Небәрі 2-3 сынып оқушыларымыздың өзі бірнеше тілде еркін сөйлеуге шақ келіп отыр. Осыған қарап-ақ білім ошағымыздың еңбегін елеп отыр деп айта аламын. Сонда да біздің мектеп оқушылары қолданыстағы өзге тілдерді жетік меңгеріп, замандастарына үлгі көрсетіп жүр. Менің мақтаныштарым – шәкірттерімнің, мектептегі оқушыларымның жемісі – мынау бүгін алып отырған сый-құрмет, арнайы табысталған алғыс хат! Өте қуаныштымын, керемет әсердемін! Ең алдамен, оқушыларым мен мектеп мұғалымдерінің әрбір пәнге жауапкершілікпен қарауы арқасында осындай жемісті нәтижеге қол жеткізіп отырмыз. Сол үшін алдағы уақытта да білім жолында адаспай іздене береміз демекпін!»

Дәстүрлі шара келесі жылы жалғасын табады деп күтілуде.