Жаңалықтар 

Тапа-тал түсте 70 млн. теңгесін тонаған

Көлік тонау

Ағымдағы жылдың 23-тамызы күні күндізгі сағат 10.30 шамасында Б. Бейсембеков пен О.Тоқмырзаев екеуі Б.Бейсембековтың көк түсті «Гольф» маркалы көлігімен Сарыағаш ауданына қарасты Жартытөбе ауылдық округінің Құрама ауылындағы Абылай хан көшесімен кетіп бара жатады. Осы кезде олардың алдынан «Лада-2114» маркалы көлігі, ал соңдарынан «Мерседес» маркалы автокөлік келіп қысып, оларды жол жиегіне тоқтауға мәжбүр етеді.

Содан соң «Лада-2114» маркалы көліктен 3 жігіт, ал «Мерседес» көлігінен 2 жігіт түсіп, Б.Бейсембеков пен О.Тоқмырзаевтарға тапаншадан оқ жаудырып, бірнеше жерінен жарақаттайды. Өздері дереу көліктің жүк салғышында жатқан үш қалтада тұрған жалпы құны 70 млн. теңге ақшаларын тонап алып кеткен. Жәбірленушілердің айтуына қарағанда, екі көліктен түскен қарақшылардың барлығының да беттерінде бетперде болған.

Бүгінде ҚР ҚІЖК-нің 177,183,186, 189, 194 баптарын басшылыққа ала отырып, Б.Бейсембеков пен О.Тоқмырзаевтарға қарақшылық жасаған белгісіз азаматтардың үстінен ҚР ҚК-нің 179-бабы 4-бөлігі «б» тармақтарымен қылмыстық іс қозғап, тергеу жұмыстарын жүргізу жөнінде қаулы қабылданды.

Қ. БАЙЗАҚОВ, Сарыағаш АІІБ-ның аға тергеушісі, полиция капитаны

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz