Оқыс оқиға 

Жол-көлік оқиғасынан 11 адам зардап шекті

«ГАЗельдегі» 11 адам жарақаттанды

11 адамды жарақаттаған жол-көлік оқиғасы бүгін таңертеңгісін қаламызда орын алды. Мұнда жолаушылар тасымалдайтын «ГАЗель» көлігі мен Ваз 21/099 макралы автокөлігі соқтығысқан.

Жол-көлік апаты таңертеңгі сағат 8,30 шамасында орын алған. Қазыбек көшесінің бойынша қатар келе жатқан екі көлік соқтығысады. Бағытына асыққан жүргізушілер бір-біріне жол бермеуге тырсады. Жарыстың нәтижесі адамдардың жарақаттануына әкеп соқты.

Өз жұмысына салғырт қараған жүргізушілердің кесірінен зардап шеккен 11 жолаушы ауруханаға жеткізілді. Олар түрлі жарақат алған. Ал қақты соқтығыстан газель автокөлігінен жанармай төгілді. Өрттің алдын-алу үшін оқиға орнына өрт сөндірушілер де шақырылды. Ал полицейлер апаттың мән-жайын анықтайтын болады. 

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz