Жаңалықтар 

Салықтан жалтаратындардың саны азаймай отыр

 

Салық басқармасына келушілер азаймай отыр

1-қазан күні осы жылға белгіленген мүлік, көлік және жер салықтарын төлеу мерзімі аяқталды. Бірақ салық төлеймін деп келушер азаймай отыр. Солардың бірі Зейнеткер Айман апа уақытында үлгермей, салық төлеуге келіп отырғаны осы. 

Айман апа, зейнеткер: “Үйімізде жөндеу жұмыстары жүргізіліп салықты дер уақытында төлей алмадым. Бұрын мамырға дейін төлеп қоятын едім. Ал көлік салығын баламның өзі төлейді”.

Еңбекші ауданы бойынша салық басқармасының қызметкерлері бүгінге дейінгі салықты жинау жоспарын 1,5 есе етіп орындадық дейді.   

Қанат Алпысов, СБ Еңбекші ауданы бойынша бөлім бастығы: “Біз жорспарымызды 12 мил 539 мың теңгеге асыра орындадық. Жер салығы бойынша 26 миллион 138 мың теңге, көлік салығын 110 пайызға, яғни, 180 миллион 160 мың теңге түсті”.

Салық органдары бұл міндет туралы халыққа жыл басынан бері жар салып келеді. Соған қарамастан, елімізде салықтан жалтаратындардың саны азаймай отыр.

Қанат Алпысов, СБ Еңбекші ауданы бойынша бөлім бастығы: “Енді салықты төлемегендерге әкімшілік шара көріліп, пения жүретін болады. Кейін сот арқылы мүліктеріңіз тәркіленеді”.

Салық қызметкерлері жауапсыз салық төлеушілермен күрес жүргізуді бастайды. 1 қазанға дейін салықтарын төлемегендерге алдымен хат жолдап, ескерту жасайды. Одан нәтиже шықпаса, сотқа шағым түсіреді. Мәселен, өткен жылы салықшылар 21 млн 600 мың теңге айыппұл ретінде өндірген.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz