«Нұр Отан» ХДП ОҚО филиалының есеп-сайлау конференциясы өтті

265
"Нұр Отан" құрамын қайта сайлады
«Нұр Отан» құрамын қайта сайлады

НұрОтан ХДП-ның облыстық филиалының 20-шы есеп -сайлау конференциясы аяқталды. Қатарында 95 мыңнан астам мүшесі бар партия 2011-2012 жылдарда атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді. Өңірдің экономикалық-элеуметтік дамуына жергілікті нұротандықтардың үлесі зор. Жалпы өңірлік өнім 1,5 трлн. құрады. Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында 2011 жылы 24 жоба, биыл 11 жоба іске қосылды. Жыл соңына дейін 18 жоба іске жүзеге аспақ. Бұл бағытта ОҚО республикада 1-ші орында. Жұмыспен қамтуда да ілгерілушілік бар. Мыңнан астам жұмыс орын ашылды. Мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын қадағалайтын 569 партиялық бақылау бекеттері құрылып, 377 бекет мемлекет қаржысының мақсатты жұмсалуына бақылау жүргізді.

 Асқар Мырзахметов, облыс әкімі: «Бекеттердің жұмыс нәтижелері бойынша 3 облыс әкімі орынбасарларының, 6 аудан,қала әкімдерінің, 13 аудан, қала әкімдері орынбасарларынцың;54 аудан қалалық бөлім басшыларының , 53 мемлекеттік мекеме басшыларының есептері тыңдалды. Оның қортындысы бойынша   комиссия тарапынан тиісті мемлекетттік мекемелер мен құзырлы органдарға арнайы 278 хат пен ұсыныстар берілді. Аталған ұсыныстардың 184-і шешімін тауып, қалған мәселелер шешілу үсітнде».

Облыстық партия мүшелерінің саны 95 мыңнан асады. Есептік мерзім ішінде партия қатарына 15 мыңға жуық адам мүшелікке қабылданды. Бастауыш партия ұйымдарының саны 308-ге жеткізілді. Елбасының тапсырмасының ,бағдарламалардың жергілікті жерде орындалуы партия мүшелерінің белсенділігі мен іскерлігіне тікелей байланысты дейді қазығұрттық делегат.

Төребаев, Біздің ауданда ауылдық округтар арасында жарыс болып тұрады. Оның қорытындысы бойынша рейтинг шығарылады. Шарбұлақ ауылдық округі биыл жақсы жетістіктерге жетті. Малды асылдандыруда көрсеткіш жаман емес. Дақылдардан да өнімділік жоғары».

Ағымдағы жылы 52 елдімекен 2 млн-ға жуық халық таза сумен қамтылды.21 елді мекен газбен қамтылып, бір жарым мыңға жуық шақырым жол, 7 көпірдің жөндеу жұмыстары жүргізілді. Өңірдегі әлеуметтік мәселелерді шешу мақсатында аудандарда көшпелі қоғамдық қабылдаулар өткізілді. Бұл жұмыс келешекте жалғасын табады. Атқарылған жұмыстар аз емес. Алайда алда тұрған міндеттер одан да көп деген нұротандықтар тұрғындарға берген уәдені орындауға күш салатындарын жеткізді. Ол үшін жаңа құрамда өңірдің басқару органы сайланды.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=Ha3aUCDoGrI[/youtube]