Операның алтын дауыстары Оңтүстікке арналды

303
Шымкентте "Оңтүстік күзі - операның алтын дауыстарымен" атты кеш өтті
Шымкентте «Оңтүстік күзі – операның алтын дауыстарымен» атты кеш өтті

«Оңтүстік күзі – операның алтын дауыстарымен».  Өңіріміздегі опера және балет театрында осылай аталған класиикалық концерт өтті. Кеште театрдың симфониялық оркестрінің сүйемелдеуінде, дирижері Мүслім Әмзе – ұлттық опералардан үзінділер мен халық әндері және әлем операларынан ариялар орындалды: әлем класикасынан П. Масканьи, К.Сен-Санс, Дж. Верди, Ж.Бизе, И.Штрауса, А. Жұбанов және Л.Хамиди операларынан үзінділер айтылды. Сонымен қоса кең дыбысты,  терең тынысты әншілер де көпшілікке керемет әсер сыйлады.

Таңқаларлығы сол – көрермендер залында отырған көпшілктің басым бөлігін жастар құрады бұл күні. Әдетте тек аға буын жиналатын мәдени кеш осылайша ерекшеленді.

Маржан Жүнісбекова, көрермен: «Иә, мен мұндай кештерге соңғы кездері көп келетін болдым. Алдын тке қана ата-анам келетін. Бір күні мен де еріп шықтым соңдарынан. Келіп концертті тамашаладым. Әрине, алғашында түсініксіздеу болды. Алайда жан дүниеммен беріліп көргеннен соң-ау шамасы?! Өзім іздеп келіп,билеттерін сатып алатын болдым. Достарымды да ертіп келдім бүгін. Тыңдап, тәнті болып отырмыз. Ал қазір мен өзімнің сүйікті опера әншіміз Жадыра Белгібаеваны күтіп отырмын. Осы бір әпкеміздің әнін есісем болды, жаным рахаттанады. Рухани күш аламын».

Берік Кенжебаев, көрермен: «Бұл театрда мұндай кештер жиі өтіп тұрады. Сондықтан арнайы бас сұғып, өзіміз кейде сұранысымызбен шығамыз. Әрине, бұл үлкен өнер. Тек мәдениеті дамыған елдердің ғана түсінетін құнды өнері деп білеміз, осылай танимыз. Ия, жасырмаймыз, біздің облыста опера әншілері саусақпен санарлық алайды бір әншіміз мың әншіге татитындай дарыны бар дер едім. Біздің жанымызды өздерінің өнеріне баурап алған. Бұл дауыстар біздің еісмізде мәңгі сақталады деп ойлаймын».

Концертте халықаралық вокалистер байқауларының лауреаттары Г. Расқалиева, Ж.Белгібаева, 2010жылдың «Алтын көшбасшылары» аталымдарының иегерлері А.Азатова, Қ. Құлыншақов, италиялық опера мектебінің стажерлері, ҚР мәдениет қайраткерлері О.Дәулетова, Қазақстан театр қайраткерлері Одағының «Еңлікгүл» сыйлығының иегері – Е.Жандарбай және жас та болса болашағынан үміт күттіретін, талай Халықаралық байқаулардың лареаттары Н.Балтақожа, Н.Жүсіпбеков, М.Дүйсеевтер өнер көрсетті. Алайда көпшіліктің сүйікті әншісіне айналған Жадыра Белгібаева сахна төріне көтерілгенде өнерсүйерқауымның қошеметі мен ықыласы  ерекше болды.

Жадыра Белгібаева, опера әншісі: «Менің өнерім – бұл халқымның өнері! Себебі , мен сол өнерімнің барлығын да халқым үшін көресетемін, халқым үшін шырқаймын! Ия, мойындаймыз, бұл өнер дәл қазіргі уақытта облысымызда кенжелеп қалды. Опера әншілері саусақпен санарлық қана. Менің ойымша мұның барлығы да өзімізден. Себебі, өзге өңірдегі өнер иелері Шымкентке келіп жұмыс істегенді қалайды. Себебі, біздің қала өнерге үлкен құрметпен қарайтын киелі мекен ғой. Алайда баспана мәселесі оң шешімін таппаған соң, райларынан қайтады. Ал дауысымызға келетін болсам, ерекше күтімді, ерекше ізденісті талап етеді, әрине.   Сондықтан Алла берген талантымызды бағалауға тырысамыз барымызша. Біздің орындайтын туындыларымыз да оңай емес, қаншама қажырлы еңбекті қажет етеді. Сөздерін де жәй шырқамай, жүрекпен шырқап, сезініп қана халыққа жеткізе аламын деп есептеймін».

Осылайша, «Оңтүстік күзін операның алтын дауыстарымен» аптаған опера әншілері өңір тұрғындарына мерекелік сезім сыйлады. Қоңыр күзбен қоштасу сәтін де сахнада төрінде кестеледі. Алдағы күндері облыстық опера және балет театрының ұжымы өнерсүйерқауымға   тосын сыйларын ұсынуды жоспарлап отыр.