Зейнетақы 9%-ға артады
Зейнетақы 9%-ға артады
Зейнетақы 9%-ға артады

«Жаңа жылдан бастап зейнетақы мен жәрдемақы көтеріледі» дегенді естігелі, редакциямызға хабарласқан оқырман «Қанша пайызға өседі?» деген сауалдарын жаудыруда. Бұл сұраққа сала маманының жауабын ұсынғанды жөн көрдік.

Әнуар Ілеспаев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ОҚО бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің әлеуметтік қамсыздандыру басқарма бастығы:

– 2013 жылдың 1 қаңтардан бастап «2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес тағайындалатын ең төменгі зейнетақы мөлшері 19 066 теңге, базалық төлемақы мөлшері 9 330 теңге, мөлшерінде белгілену қарастырылуда. Осылайша 2013 жылы тағайындалатын ең төменгі зейнетақы төлемі (ең төменгі зейнетақы 19 066 + базалық төлемақы 9 330) 28 396 теңгені құрайтын болады.

2013 жылдың 1 қаңтарынан бас-тап зейнеткерлердің алып жүрген зейнетақыларының негізгі мөлшері 9%-ға арттырылатын болады. Ал 8 720 теңге көлемінде төленіп келген базалық төлемақы, Жаңа жылдан 9 330 теңге көлемінде төленетін болады.

«Қазақстан Республикасында зей-нетақымен қамсыздандыру туралы» Заңы бойынша 2013 жылы жаңадан тағайындалатын зейнетақы төлемдерін есептеу үшін, ең жоғарғы орташа айлық табыстың мөлшері 67 509 теңге есепке алынады, яғни орташа айлық табыс 39 айлық есептік көрсеткішпен шектелініп анықталады.

Мүгедектігіне, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланыс-ты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері 2013 жылғы 1 қаңтарынан ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшері өзгеруіне сәйкес арттырылатын болады (ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшері 2013 жылдың 1 қаңтарынан 18 660 теңгені құрайды).

Ал мемлекеттік арнаулы жәрдемақыларды тағайындау мен арттыру, арнайы белгіленген айлық есептік көрсеткіш 1 763 теңгенің есебінен анықталады.

2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап, мүгедек балаларды тәрбиелейтін ата-аналарға, қамқоршыларға төленетін әлеуметтік жәрдемақының мөлшері ең төменгі жалақы 18 660 теңге көлемінде төленетін болады.

Бала тууына байланысты біржолғы жәрдемақымен бала бір жасқа толғанға дейін оның күтімі жөніндегі мемлекеттік жәрдемақылар мен жер асты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда істегендерге берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақылар айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің көбеюіне байланысты арттырылады (айлық есептік көрсеткіштің мөлшері 2013 жылдың 1 қаңтарынан 1731 теңгені құрайды).

Бала тууына байланысты біржолғы берілетін жәрдемақы 2013 жылдың 1 қаңтардан бастап бірінші, екінші, үшінші бала туылғанда 51 930 теңге, ал төртінші және одан кейінгі балалар туылғанда  86 550 теңге төленетін болады. Отбасында екі немесе одан көп бала туған болса, онда әрбір туылған балаға жәрдемақы жеке-жеке тағайындалып төленеді. Туылған бала бір жасқа толғанға дейін оның күтімі үшін белгіленген мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері:

52-006