Қаңтардың 6-cынан 7-сiне қараған түнi Қазақстандағы православтықтар Рождество мерекесiн атап өтедi. Мейрам ресми болмағанымен елімізде 2005 жылдан Құрбан айт пен Рождество мерекесі демалыс етіп жарияланған. Осыған сәйкес қазақстандықтар биыл қатарынан үш күн демалады. Яғни 5-ші, 6-шы және жетінші қаңтар демалыс. Айта өтейік, Рождество мерекесi әлемнiң 145 елінде тойланады. Оның тарихы осыдан екі мың жыл бұрын Мария ананың Иисус-Ғайса пайғамбарды өмірге әкелген күнінен басталған. Міне, содан бері христиандар қаңтардың 6-cынан 7-сiне қараған түнiн діни мереке санайды. Сондықтан да осы түні дінге сенушілер шіркеуге барып, дұғасын оқып, сол бір жарық жұлдыздың көрінуін күтеді. Сиқырға толы бұл түні барша христиандықтар бір-бірін құттықтап, жылы сөздерін, игі тілектерін арнайды. Сондай-ақ, 7-19 қаңтар аралығында әлеуметтік жағдайы төмен жандарға қолдау көрсетеді.