Оңтүстікте сейсмологиялық қауіпті аудандар бар

478
ОҚО-да сейсмологиялық апатты аудандар бар
ОҚО-да сейсмологиялық апатты аудандар бар
ОҚО-да сейсмологиялық апатты аудандар бар

Облысымызда сейсмологиялық қауіпті аудандар бар. Оның ішіне Шымкент те кіреді. Бұл туралы облыстық жұмылдыру даярлығы, дүлей апттардың алдын алуды ұйымдастыру басқармасының бастығы Кенжехан Төлебаев айтты. Бірақ дәл қазір дүрлігетін дәнеңе жоқ дейді басшы. Десе де, сақтықта қорлық жоқ.

Жер төледе орналасқан бұл құрылғы жерден келетін барлық сигналдарды жазып отырады. Оның қабылдағышы компьютердегі арнайы бағдарламаға жазылып, күнделікті жағдаймен хабардар етеді. Сейсмологиялық ауытқулар болса, бірден орталыққа хабар беріледі.

Өмірін Шымкенттегі сейсмологиялық орталыққа арнаған Елікбай Егембердиев арнайы құрылғыны қадағалаумен 75 жасқа толыпты. Соңғы он жылдан бері осы компьютердегі сигналдан қандай да бір ауытқу байқамаған. Алайда жалақысының аздығы мен, техникаларының ескіргеніне налиды.

Елікбай Егембердиев, сейсмологиялық орталықтың инженері: «Жұмысымыз бір қалыпты болғанмен, кейде жарық сөніп

Шымкентке төніп тұрған қауіп жоқ
Шымкентке төніп тұрған қауіп жоқ

қалады, бізге мықты компьютер де керек. Алатын айлығым 25 мың теңге».

Оңтүстіктің сегіз ауданы сейсмологиялық қауіпті аймаққа жатады екен. Оның ішінде Шымкентте бар. Сол себепті де алдын-алу жұмыстарын үдейі жүргізіп тұру керек дейді департамент бастығы.

Кенжехан Төлебаев,облыстық жұмылдыру даярлығы, дүлей апаттардың алдын алуды ұйымдастыру басқармасының бастығы:  «Шымкент 7-8 балдық сейсмологиялық апатты аймаққа кіреді. Алайда ешқандай қорқыныш болмасын. Шымкентте сейсмо қауіпті  12 ғимарат бар. Олардың алтауы былтыр нығыздалса, қалғанына биыл бюджеттен қаржы қаралып жатыр».

Алдын-алу жұмыстарына келгенде, осы орталық та шет қалмаса игі .

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=fXzgQGBL9n0[/youtube]