Құдықтың ішінен қансырап жатқан ер адам табылды

360
Құдықтың ішінен қансырап жатқан ер адам табылды
Құдықтың ішінен қансырап жатқан ер адам табылды
Құдықтың ішінен қансырап жатқан ер адам табылды

Құтқарушы топқа Уалиханов көшесінен қоңырау келіп түскен. Жол жиегіндегі құдықтың ішінде қансырап жатқан ер адамның жатқанын хабарлайды. Оқиға орнына кезекші бөлім тез арада жеткен.

Бұл құдық жергілікті тұрғындарға таныс. Ол арқылы жылықұбыр кернеуі өтеді, сонымен қоса бұл құдық «бомж»-дардың сүйікті мекеніне айналған. Әсіресе, қыстыгүні.

Тұрғындардың айтуынша, күндіз ол жерде қолдарында әмияны мен дорбалары бар адамдар жүрген. Осыған қарағанда, олардың арасында қанжосаға әкелетіндей келіспеушілік туындағанға ұқсайды.

Құтқарушылар 25 жасар жәбірленушіні  сыртқа алып шығарды. Мойыны пышақталған, денесі қанға бөккен.  Ал құтқарушы топ жәбірленушіні жедел жәрдемге тапсырды.  Оны ШҚЖЖКА -ға жедел жеткізген. Мәлім болғанындай, онда полиция қызметкерлері кезекшілікте болады. Оқиғаның анық-қанығы анықталады.