Кісі өлтіріп, көміп тастаған кәсіпкердің әрекеті әшкереленді

217
17 жастағы жігіттің денесі 10 ай көмілмей жатқан
17 жастағы жігіттің денесі 10 ай көмілмей жатқан
17 жастағы жігіттің денесі 10 ай көміліп жатқан

Оқиға Мақтаарал ауданында орын алған. Арық қазудың жұмысына тендер жеңіп алған кәсіпкер бұл іске Өзбекстаннан 4 адам әкелген. Марқұм Достанбек – солардың бірі.

Әлжуаз жеткіншектің сол күні құм толы шелекті қалай көтеріп келе жатқаны жұмыс берушіге ұнамаса керек. Қожайын жұмысшыны кеудесінен ұрады. Содан кейін тағы бір соққы алған жасөспірімнің арада бірнеше минут өткен соң демі үзіліп кеткен. Одан құтылмақ болған кәсіпкер барлық адамды жұмысқа жіберіп, тек екеуін алып қалады. Оларға терең етіп жер қазып, марқұмды көміп тастауға бұйырған. Ал содан кейін жігіттердің біріне марқұмның киімін кидіріп, өзгелерге Достанбекті кедендік бекетке апарып тастаймын деген.

17 жасар Достанбектің денесі екінші іздегенде барып, күдікті көрсеткен жерден табылды. Арада өткен он айдың ішінде марқұмның денесінен түк қалмаған деуге болады.

Бұл іс облыстық прокуратураға қараша айында түскен. Алайда күдікті азамат соңына дейін әрекетін мойындамаған. Оның қылмысын дәлелдеу үшін көп тірлік тындыруға тура келген.

Біздің полицейлер көрші Өзбекстанға барып, сондағы әріптестерімен бірге жұмыс істеген. Соның нәтижесінде күдікті азаматтың кінәсі дәлелденіп, қылмыстық іс қозғалды.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=HrMW50m6VtY[/youtube]