Оңтүстіктің теннисшілері үш бірдей турнирден жүлдемен оралды

248
Бекзат - ел чемпионы атағына ие болды

Жамиля Тайтелі Қарағандыда өткен ел чемпионатында топ жарды. 12 жасқа дейінгі  спортшылар арасында өткен турнирде жерлесіміз екінші орыннан көрінді. Жамилямен бірге бұл жарыста Бекзат Үсібеков та бағын сынаған болатын. Ол жекелей сайыста қоладан алқа тағып, жұптық кездесулерде бас жүлдеге ие болды.

Бекзат - ел чемпионы атағына ие болды
Бекзат – ел чемпионы атағына ие болды

Ал 16 жасқа дейінгі теннисшілеріміз Ақтөбеде өткен Қазақстан чемпионатында бағын сынады. Бұл жолы оңтүстік қоржыны екі жүлдемен толықты. Жұптық кездесулерде Ади Калиакпаровпен Луиза Кубалова жеңіс тұғырынан көрінді.

Владимир Огонян, жаттықтырушы: «Бұл жолғы жоспар орындалды. Әрине, барлық бапкер шәкіртінің алдына жалғыз мақсат қояды. Ол бірінші орыннан көріну. Алда тағы бір қатар жарыстар бар. Оның бірі наурыз айында басталады».

Облыстық теннис мектебінің шәкірттері бұл екі жарыспен шектелмеді. Сондай-ақ, Өскеменде өткен міндетті жарыстардың алғашқысында бас жүлде үшін таласқа түсті. Нәтижесінде Бекзат Үсібеков алтын және күміс медальды жеңіп алса, Жамиля Тайтелі мен Анастасия Захарова жүлделі орындардан көрінді.

Бұл жеткіншектердің алдында жалғыз мақсат тұр. Ол ұлттық құрамадан орын алу. Биылдан бастап барлық жас ерекшелігінде арнайы құрама командалар жасақталынуда. Оңтүстіктің 4 теннисшісі бүгіннің өзінде орын ала білген. Ол дегеніміз бұл жастарды толығымен республикалық федерация қаражатпен қамтамасыз етеді. Шет елге жарыстарға шығуға да мүмкіндігі молая түседі.