Ордабасылықтар Түркияда

230
"Ордабасы" ФК оқу жаттығу жиынындағы құрамы, фото клубтың баспасөз қызметінен алынған
"Ордабасы" ФК оқу жаттығу жиынындағы құрамы, фото клубтың баспасөз қызметінен алынған
«Ордабасы» ФК оқу жаттығу жиынындағы құрамы, фото клубтың баспасөз қызметінен алынған

Шымкенттің «Ордабасы» футбол командасы Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізуде. Бүгінде команданың бас бапкері Вахид Масудов грузия легионері Давит Чегалишвилиді сынақтан өткізуде. Естеріңізде болса, ол ойыншы кезінде Көкшетаудың Оқжетпесінде доп қуалаған болатын. Сондай-ақ, сербиялық футболшы да шымкенттіктермен бірге жүр.

«Қыран» командасында ойнаған Ерхат Закиев та бапкердің назарында. Күні кеше ордабасылықтар Әзірбайжанның «Интерімен» таласқа түсіп, 0-2 есебімен жеңіліс тапты. «Интер» қақпасына шымкенттіктер әдеттегідей 11 метрлік айып соққысын сала алмаған.