Сотталған экс-шенеуніктер қаржы полиция қызметкерлеріне қылмыстық іс қозғамауы үшін пара бермек болған
Сотталған экс-шенеуніктер қаржы полиция қызметкерлеріне қылмыстық іс қозғамауы үшін пара бермек болған

Оңтүстік Қазақстан облысының қазынашылық департаментінің директоры мен бөлім басшысы алдағы жеті жыл уақытын темір тордың арғы жағында өткізетін болды. Парақорлыққа барғаны үшін дүние-мүліктері де тәркіленбек. Сотталған экс-шенеуніктер қаржы полиция қызметкерлеріне қылмыстық іс қозғамауы үшін пара бермек болған.

Оңтүстік Қазақстан облысының қаржы полициясы облыстық қазынашылық департаменті директоры мен аталған департаменттің бөлім бастығының үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша тергеу жұмыстарын аяқтады.

Олар қаржы полициясының инспекторына департаментте жүргізілген тексеруге оң нәтиже шығару үшін және қаржылық былықтары үшін қылмыстық іс қозғамауы үшін 4 мың АҚШ доллары көлемінде пара бермек болған.