Жамбылдағы қайғылы жол апаты

270
Екі қабатты жолаушылар автобусы грейдерге соқтығысқан

 

Екі қабатты жолаушылар автобусы грейдерге соқтығысқан
Екі қабатты жолаушылар автобусы грейдерге соқтығысқан

Жамбыл облысында қайғылы жағдай орын алды. Осындағы асуда «Шымкет – Алматы» бағытында жолаушылар алып кетіп бара жатқан екі автобус қақтығысып қалды. Салдарынан 3 адам қаза тауып, 30-дан астамы жарақат алды. Бұл оқиға жексенбі, 24-ақпан күні түнгі сағат 11-лер кезінде орын алды.

Жамбыл облысының прокуроры Халидулла Дауешовтың айтуынша, екі қабатты автобустың бірі Күйік асуында қар тазалап жатқан техникаға соқтығысады. Іле-шала оның соңынан келе жатқан екінші автобустың жүргізушісі тежегішті басып үлгермей, алыдңғы автобусқа соғады.

Қазір оқиға орнында облыстық прокуратураның шұғыл қызметкерлері, полиция мен төтенше жағдай департаментінің мамандары жұмыс істеп жатыр. Асуға бірден 5 жедел жәрдем көлігі шақырылған. Айта кету керек, Жамбыл облысында қазіргі таңда ауа райы күрделі күйінде қалып отыр.

Әсіресе Күйік, Шақпақ баба және Қордай асуларында қар қалың жатыр. Жолдардың үстін көктайғақ басып, жан-жақтың көрінуі қиын деп хабарлайды Жамбыл облыстық төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=TNi5wkfTclQ[/youtube]