Жас палуандар белдесті

318

Шымкенттің ең кішкентай палуандары дзюдодан Шымкенттің ашық біріншілігінде өз бағын сынауға  мүмкіндік алды. Олардың басым көпшілігінің ресми жарысқа алғашқы рет шыққанын ескерсек, жарыс ойдағыдай өтті.

Бұл жолы да Төле билік палуандар ептілік танытты
Бұл жолы да Төле билік палуандар ептілік танытты

300-ден аса жасөспірім татамидің төрінде топ жаруды көздеді. Жеңіске деген талпынысын байқаған төрешілер жағы аса қатал болмауға да тырысты. Бірақ, барлығы ережеге сай болуы қажет. Жеңілген, жеңген де болуы керек. Бапкерлер үшін бұл іріктеу екені анық. Сол себепті бұл жарысқа қаланың ашық біріншілігі дегенімен, оңтүстіктің барлық аудандарынан спортшылар арнайы келіпті. Сондай-ақ, Тараздан да екі команда қатысуға ниет білдірген.

Екі күннің нәтижесі бойынша қалалық №10 спорт мектебінің палуандары үздік танылды. Ал Төле бидің дзюдошылары жүлде қоры бойынша екінші орыннан көрнсе, облыстық №3 спорт мектебінің шәкірттері үшінші сатыны қанағат етті.