Жерге қарай астероид ұшып келе жатыр

531
Астреоид сенбіге қараған түні Жердің жанынан ұшып өтеді
Астреоид сенбіге қараған түні Жердің жанынан ұшып өтеді
Астреоид сенбіге қараған түні Жердің жанынан ұшып өтеді

Жерге ені 45 метрлік астероид жақындап келе жатыр. Аспан денесі бүгін түнде Жер шарына тым жақын жерден ұшып өтпек. Дегенмен, ғалымдар адамзат баласын сабырға шақырып отыр. Олар осы астероидтан төнер қауіп жоқ дейді.

Атап айтқанда, Дональд Йеоманс, НАСА ғылыми-зерттеу орталығының қызметкері «Шынын айтқанда, 15-ақпан күні жерге жақын жерден ұшып өтетін бұл астероидтан қорқудың қажеті жоқ. Оның орбитасы тым үлкен екенін түсінеміз. Дегенмен, жерге келіп соқтығыспайды деп сендіре аламыз» деп сендіріп отыр.

Бұл аспан денесін 2012 жылы Испанияның Ла СЬЯГА обсерваториясының қызметкерлері тапқан. Содан бері DA 14 деп аталған аспан денесін ғалымдар күндіз-түні бақылап отыр.

Астрономдар болжауынша, астероид түнгі сағат бір жарым шамасында Жерден 27 мың шақырым тұстан ұшып өтеді.