Шымкентте мыңға жуық кәсіпкер бас қосты

285
Форум барысы
Форум барысы
Форум барысы

«Стартап Форум ҚАЗКА». Қазақстан кәсіпкерлерінің қауымдастығы Шымкентте мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың, даму институттары мен қаржы ұйымдарының, отандық инвесторлар мен бизнесмендердің басын қосты. Шағын және орта кәсіпкерлердің өзара байланыс орнатуларына себепкер болған бұл форум алғаш емес, осымен үшінші рет өтіп жатыр елімізде.

Бұл шағын және орта бизнес кәсіпорындары үшін ірі шара болып табылады. Форумның негізгі мақсаты-бір күн ішінде бір шаңырақ астында кәсібін енді ашқан жандарға қажетті ақпарат беру. Сондықтан болар, үлкен алаңға арнайы консультациялық көрмеде ұйымдастырылыпты. Барлығы отандық тауарлар. Қуантатыны да сол.

Кәсіпорындар үшін мұндай көрмелердің алар орны да ерек. Компаниялар өзі жайлы сыр шертіп, өзінің бизнесін алға жылжытып, табысын ұлғайтуға үлес қосатын серіктестер тауып, жаңа іскерлік байланыстар орната алады.

«Стартап Форум ҚАЗКА» бұл жаңа форматтағы форум. Мұнда құр сөз емес, жұмыс барысында кездесетін кедергілерден өту жолында үйретеді. Тасы өрге домалағандар тәжірибесімен бөліседі. Сондай-ақ, шағын және орта бизнеске арналған онлайн ресурс орталығы іске қосылды.

Жұмабек Жанықұлов, «ҚАЗКА» Қазақстан кәсіпкерлері қауымдастығының басқарма кеңесінің төрағасы: «Онлайн ресурс орталығын ашуымыз отандық кәсіпкерлердің жұмысына пайдасын тигізер деп үміттенеміз. «ҚАЗКА» мемлекеттік емес ұйым ретінде мемлекет пен кәсіпкерлер арасында қоғамдық байланыс жүйесін орнатып, жұмысынан шықпай-ақ шағын және орта бизнесті қолдау құралдары туралы ақпарат алып, зерттеп, өз кәсібінде қолдануға мүмкіншілік береді».

кәсіпкерлер тәжірибе алмасты
кәсіпкерлер тәжірибе алмасты

Кездесу аясында мамандардың тренингтері мен шеберлік сабағы да өткізіледі, бизнесті тәуекелді басқару, ең бастысы эмоцияларды басқару өнеріне дейін үйретіледі. Бағалы мағлұмат пен жылдар бойы жинаған тәжірибелер ортаға тасталады. Мыңдаған қатысушыны жинаған форумның басты құпиясы да осында ашылады.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=yy9cAmpuny4[/youtube]