"Өткенге құрмет - елге құрмет" - Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының республика халқына үндеуі

«Өткенге құрмет – елге құрмет!» Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының үндеуі аясында сенбі күні Шымкентте қорымдар тазаланды. Қалалықтар мұсылмандар мазаратына арнайы барып, күл-қоқысты тазалады. Дәл осы күні Шымкентте жалпыхалықтық сенбілік те жарияланған болатын. Бірақ бұған үн қатқандар аз болды.

"Өткенге құрмет - елге құрмет" - Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының республика халқына үндеуі
«Өткенге құрмет – елге құрмет» – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының республика халқына үндеуі

Сенбі күні қорымды қоқыстан арылтуға келгендер көп болды. Олар дәл осында жерленген марқұмдардың туыстары ғана емес, өткенге құрмет көрсетуді қалайтын жастар. Басы қасында имамдар да жүр. Бұл күні жиналғандар қабірлердің маңайын қыстың қоқыстарынан тазалап, бұзылғандарын жөндеді, кем-кетікті бүтіндеді.

Ербосын Орын, облыс имамының орынбасары
Ербосын Орын, облыс имамының орынбасары

Имамдардың айтуынша, қорымдарды таза ұстау – сауапты іс. Сондықтан мұндай шараларды тек сенбі сайын емес, жиі-жиі қолға алу керек дейді.

Ербосын Орын, облыс имамының орынбасары:

«Қазақстанның мұсылмандар діни басқармасы ел халқына арнап, үндеу жариялады. Онда мешіттер мен қорымдарды таза ұстау, сонда сенбілік жасау жөнінде анық айтылған. Сенбілік Қазақстан бойынша сәуір айының соңғы жұмасында өтуі тиіс. Дегенмен, Оңтүстікке көктем ерте келетіндіктен, біз сенбілікті осы сенбіде ұйымдастыруды жөн санадық».

 

Осы күні Шымкентте жалпыхалықтық сенбілік жарияланған. Бірақ, қала көшелеріне шыққандар тым аз болды. Тура өткен аптадағыдай – шенеуніктер мен студенттер ғана. Ал «Мен – шымкенттікпін» дейтіндерді туған қаласының тазалығы қызықтырмаса керек. Өңір басшыларын осы мәселе қынжылтып отыр.

Болат Рысқұлбеков, қала әкімінің орынбасары
Болат Рысқұлбеков, қала әкімінің орынбасары

Болат Рысқұлбеков, қала әкімінің орынбасары:

«Қала, аудандардың әкімдері өздерінің аймақтарын аралап, тұрғындарға сенбіліктің болатынын бірнеше рет айтты. Олардан сенбілікке белсенді түрде қатысуды өтіндік. Алайда, бүгін көріп тұрғанымыздай, тазалық жұмыстарына жиналған адамдардың саны аз».

Осылайша «Қалада қоқыс қаптап барады» деп шулайтындардың өздері тазалық шарасынан бас тартып жатыр. Бұл жолғы сенбілікке әдеттегідей студенттер мен олардың оқытушылары, біраз басшылар жиналды. Олар қолдарынан келгенше қоқыстарды тазалап, жиналған қалдықты көлікке артып, қала сыртына шығартып тастады.

Сенбілікке жиналған студенттер
Сенбілікке жиналған студенттер

Ал қорымдарды тазалау «Өткенге құрмет – елге құрмет» атты мұсылмандар діни басқармасының үндеуі аясында әлі де жалғасын таппақ.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=GdHqZbgSjRU[/youtube]