Кездесуге чемпиондар да қатысты
кездесуге келген студенттер
кездесуге келген студенттер

Жасөспірімдер арасында қылмыс өршіп барады. Құзырлы органдардың мәліметіне сүйенсек, облыс бойынша кәмелетке толмаған қылмыскерлердің саны да өскен. Соңғы екі жылда олардың саны 705-ке дейін жеткен.

Бізде қару қолданумен жасалған қылмыстар саны өте көп.Әр алтыншы қылмыс қару қолдану арқылы жасалған. Нәтижесінде 16 кәмелетке толмаған жасөспірімдер қаза тапқан. Оған білім ордаларындағы әлімжеттікті тағы қосыңыз.

Мақсат Мушкалов, ОҚО прокуратурасының басқарма бастығы: «Қақтығыстардың басым көпшілігінде жасөспірімдер қару қолданатындығын көрсетіп отыр. Облысымызда қорқытып алушылық мәселесі де күрделі болып отыр. Сауалнамаға қатысқан жоғары сынып оқушыларының 50 пайызға жуығы мектептерде қорқытып алушылық деректерінің орын алып жатқанын растаған. Бқл туралы мобильдік топтардың жұмысының нәтижесі де айтып отыр. Осы жылдың екі айында 4 қылмыстық іс қозғалды».

Кездесуге чемпиондар да қатысты
Кездесуге чемпиондар да қатысты

Жасөспірімдер арасындағы қылмысты алдын-алу мақсатында көптеген іс-шаралар ұйымдастырылады. Солардың бірі ОҚО политехникалық колледжінде өтті. Мұнда жас толқынды спортқа баули отырып, көптеген жетістікке жетуге болатыны сөз болды. Спортта жүріп, биік шыңдарды бағындырғандар замандастарымен кездесті. Алайда, мұндай іс-шаралардар жастар зәрезап болған секілді. Мына кадрлер солардың куәсі.

Абылай Сайытбек, ОҚО политехникалық колледждің студенті: «Салауатты өмір салтын қалыптастыр десе несі айып? Әркімнің өзіне байланысты. Бос уақытын тиімді пайдаланып, пайдасы бар іспен шұғылданған әлдеқайда артық. Біреулер үшін іш-пыстырарлықтай дүние шығар, өз басым кездесулерден көп нарсе үйренемін».

Алдыңғы толқын барын салып, жастарға түзу жолды меңзейді. Санасы барлар, құлаққа іледі дейді ұйымдастырушылар.